Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества

Постановление акимата Костанайской области от 22 декабря 2014 года № 633. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 января 2015 года № 5330.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 на государственном языке изложен в новой редакции, текст на русском языке не меняется, в соответствии с постановлением акимата Костанайской области от 27.02.2020 № 83 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Н. Садуакасов

  Приложение
к постановлению акимата
от 22 декабря 2014 года
№ 633

Критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества

      Сноска. Приложение – в редакции постановления акимата Костанайской области от 16.05.2016 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


п/п

Наименование критериев

Виды отчуждения

1

Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над объектом приватизации;
необходимость получения денежных средств в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов;
реализации ценных бумаг, принадлежащих государству, при отсутствии заинтересованности государства в дальнейшем их контроле.

Проведение торгов в форме аукциона

2

Необходимость получения денежных средств в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи;
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене;
реализации ценных бумаг, принадлежащих государству, при наличии необходимости сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи.

Проведение торгов в форме тендера

3

Необходимость сохранения на определенный период времени контроля государства за выполнением условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).

Прямая адресная продажа

     

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 5330 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 16.05.2016 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 27.02.2020 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуакасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 633 қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 16.05.2016 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1

Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2

Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.

Сауданы тендер нысанында өткізу

3

Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.

Тікелей атаулы сату