Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 30 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 ақпанда № 10374-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасын Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 10 ақпандағы
  № 30 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелген).

      2. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6492 болып тіркелген).

      3. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 27 ақпандағы № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8995 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады