Әкімдіктің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 83 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 наурызда № 8995 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 қаулысына (2015 жылғы 28 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттік тілде 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады