Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходах местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 9 апреля 2014 года № 197. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 16 мая 2014 года № 4723. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 27 декабря 2019 года № 362

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 27.12.2019 № 362 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села Октябрьское Карасуского района Костанайской области для участия в сходах местного сообщества согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


внеочередной сессии

А. Ибраев

Секретарь Карасуского


районного маслихата

С. Казиев

СОГЛАСОВАНО:


Аким села Октябрьское


Карасуского района


Костанайской области


________ В. Андрусенко



  Приложение
к решению Карасуского
районного маслихата
от 9 апреля 2014 года № 197

Количественный состав представителей
жителей села Октябрьское Карасуского
района Костанайской области для участия
в сходах местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей (человек)

Для жителей села Октябрьское

50

  Утверждены
решением Карасуского
районного маслихата
от 9 апреля 2014 года № 197

Правила проведения раздельных сходов
местного сообщества села Октябрьское
Карасуского района Костанайской области

      1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области (далее - село Октябрьское) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села Октябрьское.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей села Октябрьское (далее - раздельный сход) на территории созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2. Порядок проведения

      раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Октябрьское.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Карасуского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села Октябрьское, организуется акимом села Октябрьское.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей села Октябрьское, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом села Октябрьское или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким села Октябрьское или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села Октябрьское для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Карасуского района.

      Количество представителей жителей села для участия местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Октябрьское.

Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 197 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 4723 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 362 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 27.12.2019 № 362 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс


сессияның төрағасы

А. Ыбраев

Қарасу аудандық


мәслихатының хатшысы

С. Қазиев

КЕЛІСІЛДІ:


Қостанай облысы Қарасу


ауданы Октябрь ауылының


әкімі


_________ В. Андрусенко



  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 197 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына
қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

Октябрь ауылының тұрғындары үшін

50

  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 197 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь
ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылының (бұдан әрі - Октябрь ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Октябрь ауылының аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды

      өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Октябрь ауылының әкімі шақырады.

      Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Октябрь ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Октябрь ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Октябрь ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Октябрь ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Октябрь ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Октябрь ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Октябрь ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Октябрь ауылы әкімінің аппаратына береді.