О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 29 августа 2014 года № 206. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 16 сентября 2014 года № 5082. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 15 октября 2021 года № 63

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 15.10.2021 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Возместить затраты на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно в размере восьми месячных расчетных показателей.

      2. Определить, что:

      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" акимата Сарыкольского района;

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее - получатели);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление;

      документ, удостоверяющий личность получателя (для идентификации личности);

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности;

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому.

      Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю;

      4) возмещение затрат на обучение назначается с месяца обращения в течение соответствующего учебного года и выплачивается на каждого ребенка с ограниченными возможностями.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 16.10.2020 № 366 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение Сарыкольского районного маслихата от 6 декабря 2013 года № 127 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4362, опубликовано 19 декабря 2013 года в газете "Сарыкөл").

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 сентября 2014 года.

Председатель внеочередной сессии

В. Мелоян

Секретарь районного маслихата

А. Карашулаков


Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 5082 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 15.10.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әр кемтар балаға төленеді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 16.10.2020 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Сарыкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 127 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4362 тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсанда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Кезектен тыс сессияның төрағасы

В. Мелоян

Аудандық мәслихат хатшысы

А. Қарашолақов