Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 15.10.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыкөл аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 шешіміне (2014 жылғы 29 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;";
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әр кемтар балаға төленеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Макатов |
Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы | К. Базарбаева |