Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 127 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 желтоқсанда № 4362 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 206 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 29.08.2014 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.09.2014 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы  16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      2. Мыналар:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне ұсынылады (бұдан әрі - алушы);
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
      өтініш;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
      банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
      үйде оқытылатынын растайтын құжатты;
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі деп айқындалсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         Қ. Дәндібаева

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының м.а.
      ______________________ А. Апареев

      Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ А. Бекпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады