О внесении изменения в решение областного маслихата (XVI сессия, IV созыв) от 24 июля 2009 года № 219/16 "О Правилах присвоения звания "Почетный гражданин Павлодарской области (города, района)"

Решение маслихата Павлодарской области от 12 декабря 2014 года № 308/37. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 05 января 2015 года № 4247. Утратило силу решением Павлодарского областного маслихата от 11 декабря 2020 года № 538/44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского областного маслихата от 11.12.2020 № 538/44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года, Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение областного маслихата (ХVI cессия, IV созыв) от 24 июля 2009 года № 219/16 "О Правилах присвоения звания "Почетный гражданин Павлодарской области (города, района)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3140, опубликованное в газете "Сарыарка самалы" от 25 августа 2009 года, в газете "Звезда Прииртышья" от 25 августа 2009 года) следующее изменение:

      в пункте 3 после слов "Звание присваивается при жизни гражданам Республики Казахстан" дополнить словами "и иностранным гражданам, имеющим заслуги перед Павлодарской областью (городом, районом)".

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам обеспечения прав, законных интересов граждан.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Оспанова
      Секретарь областного
      Маслихата В. Берковский

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі (IV cайланған XVI сессия) "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" № 219/16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 308/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қаңтарда № 4247 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 538/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Облыстық мәслихаттың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3140 болып тіркелген, 2009 жылдың 25 тамызында шыққан "Сарыарқа самалы" газетінде, 2009 жылдың 25 тамызында шыққан "Звезда прииртышья" газетінде жарияланған) 2009 жылғы 24 шілдедегі (ІV сайланған ХVІ сессия) "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" № 219/16 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      3 тармақтағы "Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына" деген сөздерден кейін "және Павлодар облысының (қаласының, ауданының) алдында еңбегі сіңген шетел азаматтарына" деген сөздермен толықтырылсын:

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы В. Берковский