"Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 219/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 тамызда N 3140 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 538/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).

      2. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 4 наурыздағы (ІІІ сайланған Х сессиясы) "Павлодар облысының Құрметті азаматы туралы" N 12/10 шешімінің күші жойылған деп саналсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы

А. Терентьев
Р. Гафуров



Павлодар облыстық мәслихатының
2009 жылғы 24 шілдедегі
(ІV сайланған ХVІ сессиясы)
N 219/16 шешімімен бекітілді

Павлодар облысының (қаланың, ауданның)
Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленіп, "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттемелейді.

      2. "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі – Атақ) облыс (қала, аудан) алдында ерекше сіңірген еңбегін мойындау белгілісі ретінде беріледі:

      облыстың (қаланың, ауданның) экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің, өнерінің, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласының дамуына қосқан қомақты үлесі;

      мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылықты және әлеуметтік прогрессті, рухани және зияткерлік әлеуетті дамытудағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері;

      заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, қайырымдылық және рақымшылдық қызметі;

      ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, облыста тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті еңбегі;

      облыстың (қаланың, ауданның) елімізде және шет елдерде имиджін көтеруге қосқан зор үлесі.

      3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және Павлодар облысының (қаласының, ауданының) алдында еңбегі сіңген шетел азаматтарына көзі тірісінде беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 12.12.2014 N 308/37 (жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Атақ сотталғандығы кешірілмеген немесе өтелмеген адамға берілмейді.

      5. Атақ жыл сайын беріледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 2009.11.23 N 254/19 шешімімен.

2. Атақты беру тәртібі

      6. Атақты беру туралы қолдаухатты атқарушы органдар, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, бастамашыл топтар енгізе алады.

      Қолдаухатта үміткер өмір баянының негізгі деректері, растайтын құжаттары қоса берілген облыстың (қаланың, ауданның) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегінің толық сипаттамасы көрсетіледі.

      7. Қолдаухатты тиісті комиссия қарастырады.

      8. Комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

      9. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

      10. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      11. Комиссия келесі шешімдердің біреуін қабылдай алады:

      қолдаухатты қанағаттандыру және облыс (қала, аудан) әкіміне Атақты беру туралы ұсынымды тиісті мәслихатқа енгізуді ұсыну;

      қолдаухаттан бас тарту;

      қолдаухатты құжаттарды толық ресімдеу үшін қайтарып беру.

      12. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы бойынша тиісті мәслихатпен беріледі.

      13. Атақты беру туралы шешімді тиісті мәслихат әрбір үміткер бойынша жеке, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды.

      14. Атақты беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі.

3. Куәлік пен омырау белгісін табыстау тәртібі

      15. Атаққа ие болған адамға облыс (қала, аудан) әкімі мен тиісті мәслихат хатшысы облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматының омырау белгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыстайды.

      16. Құрметті азаматтардың есімдері облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет Кітабына хронологиялық тәртіпте жазылады.

      17. Омырау белгісін және оның куәлігін жасау, облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет Кітабын ресімдеу және оны тиісті түрде ұстау облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратына жүктеледі.

      18. Омырау белгілерін және куәліктерді жасап шығару, Құрмет Кітабын ұстау шығындары тиісті жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

4. Материалдар мен құжаттарды сақтау

      19. Атаққа ие болған барлық азаматтардың фотосуреттері, атақты беруге негіз болған сіңірген еңбектері көрсетілген олар туралы мәліметтер "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары" атты кітапта орналастырылады.

5. Қорытынды ережелер

      20. Атақ берілген адам тиісті мәслихаттың шешімі бойынша:

      соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;

      Атақты беру туралы қолдаухатты енгізген органның, тұлғаның, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ұсынымы бойынша Атақтың беделін түсіретін теріс әрекет жасаған жағдайларда одан айырылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады