Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Павлодарское города Павлодара

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 02 июля 2014 года № 282/39. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 августа 2014 года № 3930. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 24 ноября 2023 года № 80/9

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 24.11.2023 № 80/9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок - решения в редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 07.04.2022 № 132/18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Павлодарское города Павлодара.

      2. Исключен - решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 07.04.2022 № 132/18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянные комиссии городского маслихата.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении 10 (десяти) календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

О. Мукашев

Секретарь городского


маслихата

М. Желнов


  Утверждены
решением Павлодарского
городского маслихата
от 2 июля 2014 года № 282/39

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Павлодарское города Павлодара

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Приложение - в редакции решения Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 07.04.2022 № 132/18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории села Павлодарское города Павлодара (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома на территории села Павлодарское города Павлодара.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируется и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села Павлодарское города Павлодара подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом села Павлодарское города Павлодара.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом села Павлодарское города Павлодара не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом села Павлодарское города Павлодара.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном сельском округе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом села Павлодарское города Павлодара или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села Павлодарское города Павлодара или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Павлодарским городским маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Павлодарское города Павлодара.

Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 02 шілдедегі № 282/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 тамызда № 3930 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 80/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 24.11.2023 № 80/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 07.04.2022 № 132/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Алып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 07.04.2022 № 132/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

О. Мұқашев

Қалалық мәслихаттың


хатшысы

М. Желнов


  Павлодар қалалық мәслихатының
2014 жылғы 2–шілдедегі
№ 282/39 шешімімен
бекітілді

Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 -тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 07.04.2022 № 132/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзiрлендi және Павлодар қаласы Павлодар ауылы, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 - тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Павлодар қаласы Павлодар ауылы әкімінің аппаратына беріледі.