Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территориии Заринского сельского округа Павлодарского района

Решение маслихата Павлодарского района Павлодарской области от 24 сентября 2014 года № 39/275. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 06 октября 2014 года № 4059. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 14 декабря 2022 года № 32/190

      Сноска. Утратило силу - решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 14.12.2022 № 32/190 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Заринского сельского округа Павлодарского района.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Заринскогосельского округа Павлодарского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (одного) % от общего числа жителей села.

      3. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам законности, правопорядка, обращениям граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Е. Темиргалиев

Секретарь маслихата

Б. Оралов


  Утверждены
решением Павлодарского
районного маслихата
(39 очередная сессия, 5 созыв)
от 24 сентября 2014 года № 39/275

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на
территории Заринского сельского округа Павлодарского района
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Заринского сельского округа Павлодарского района (далее – Заринский сельский округ) разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утвержении типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества Заринского сельского округа.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее - раздельный сход) на территории Заринского сельского округа созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Заринского сельского округа.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Павлодарского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел Заринского сельского округа организуется акимом Заринского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих сел, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Заринского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Заринского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел Заринского сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Павлодарского района.

      Количество представителей жителей сел Заринского сельского округа для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Заринского сельского округа.

Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 39/275 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 қазанда № 4059 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 32 /190 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 14.12.2022 № 32/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы Заряауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санының 1(бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Темірғалиев

Мәслихат хатшысы

Б. Оралов


  Павлодар аудандық мәслихатының
(5 сайланған 39 кезекті сессиясының)
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 39/275 шешімімен
бекітілген

Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Заря ауылдық округі) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Заря ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Заря ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Заря ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Заря ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Заря ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Заря ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Заря ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Заря ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Заря ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.