Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества Аягозского района

Решение Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 06 августа 2014 года N 28/196-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 05 сентября 2014 года N 3478. Утратило силу решением Аягозского районного маслихата области Абай от 16 августа 2023 года № 5/88-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 28 августа 2023 года № 110-18

      Сноска. Утратило силу решением Аягозского районного маслихата области Абай от 16.08.2023 № 5/88-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Аягозского районного маслихата области Абай от 03.05.2023 № 2/20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые к настоящему решению "Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества Аягозского района".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Дюсембаев
      Секретарь Аягозского
      районного маслихата Т. Бозтаев



Приложение к решению
Аягозского районного маслихата 
№ 28/196-V от 6 августа 2014 года

"Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества Аягозского района"

      Сноска. Приложение в редакции решения Аягозского районного маслихата области Абай от 03.05.2023 № 2/20-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Аягозского района разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, поселка, сельского округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория города районного значения, поселкового округа, сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом города районного значения, поселкового округа, сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом города районного значения, поселкового округа, сельского округа, не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или размещением на сайте акимата Аягозского района.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом города районного значения, поселкового округа, сельского округа.

      При наличии в пределах улицы, многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом города районного значения, поселкового округа, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким города районного значения, поселкового округа, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Определить следующие кандидатуры представителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества, выдвигаемые участниками раздельного схода местного сообщества:

      по городу Аягоз в количестве 1 человека от улицы, по поселковым и сельским округам в количестве 2 человека от участка.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего города районного значения, поселкового округа, сельского округа в день проведения раздельного схода местного сообщества.


Приложение
к Правилам проведения раздельных
сходов местного сообщества и определения
количества представителей жителей
сел, улиц, многоквартирных жилых домов
для участия в сходах местного
сообщества в Аягозском районе

Количественный состав кандидатур представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества в Аягозском районе

Численность населения села
(чел.)

Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества (чел.)

Сельский округ

до 100

3

от 100 до 500

5

от 500 до 1000

10

от 1000 до 1500

15

от 2000 до 3000

25-30

от 3000 до 4000

35-40

от 4000 и выше

45-50


Аягөз ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 тамыздағы N 28/196-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қыркүйекте N 3478 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 5/88-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 тамызда № 110-18 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 16.08.2023 № 5/88-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 03.05.2023 № 2/20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 1106 қаулысына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімге қоса берiлiп отырған "Аягөз ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары" бекiтiлсiн.

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Аягөз аудандық

мәслихат хатшысы

Ж. Дюсембаев


Т.Бозтаев



  Аягөз аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 6 тамыздығы
  № 28/196-V шешіміне қосымша

Аягөз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы"

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 03.05.2023 № 2/20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аягөз ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдері сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, кенттік округтің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, кенттік округтің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, кенттік округ, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Аягөз ауданы әкімдігінің сайтында орналастырумен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше, көппатерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, кенттік округ және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, кенттік округтің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттік округтің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушыларымен ұсынылған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің келесі кандидатуралары айқындалсын:

      Аягөз қаласы бойынша көшеден 1 адам, кенттік округ және ауылдық округтер бойынша учаскеден 2 адам санында.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өткізілген күні тиісті аудандық маңызы бар қала, кенттік округ, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.


  Аягөз ауданында бөлек жергiлiктi
  қоғамдастық жиындарын өткiзудiң
  және жергілікті қоғамдастық жиынына 
  қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
  тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
  санын айқындау қағидаларына қосымша

Аягөз ауданында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны

Ауыл азаматтарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Ауылдық округ

100 дейін

3

100 бастап 500 дейін

5

500 бастап 1000 дейін

10

1000 бастап 1500 дейін

15

2000 бастап 3000 дейін

25-30

3000 бастап 4000 дейін

35-40

4000 жоғары

45-50