Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к экспертным организациям

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 110. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 марта 2015 года № 10496.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.4
     
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 13.07.2018 № 513 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 70-29) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые разрешительные требования, предъявляемые к экспертным организациям.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 13.07.2018 № 513 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Петров В.В.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа, его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан Божко В.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр

К. Касымов


  Утверждены
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 13 февраля 2015 года № 110

Разрешительные требования, предъявляемые к экспертным организациям

      Сноска. Требования в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 13.07.2018 № 513 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие разрешительные требования к экспертным организациям (далее – разрешительные требования) разработаны в целях определения соответствия экспертной организации на выполнение работ по осуществлению деятельности по аудиту в области пожарной безопасности.

      2. К экспертной организации для осуществления деятельности по аудиту в области пожарной безопасности предъявляются следующие разрешительные требования:

      1) наличие в штате не менее трех специалистов, отвечающих одному из следующих условий:

      имеющих высшее образование по специальности - пожарная безопасность;

      имеющих иное высшее образование и стаж работы в государственной и (или) негосударственной противопожарных службах не менее пяти лет;

      2) наличие помещения принадлежащего экспертной организации на праве собственности или ином законном основании.


Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10496 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген

Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындауға сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

      2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымына мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

      1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:

      өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;

      басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;

      2) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде сараптама ұйымына тиесілі үй-жайдың болуы.