Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамыздағы № 17275 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 наурызда жарияланған):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 тіркелген, "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 19 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 783 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

      1. Осы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу мен сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

      2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

      1) осы рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлігі, автомобильдің техникалық байқаудан өткені туралы куәлігі және негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісімен расталған кемінде бір өрт сөндіру автомобилінің болуы*;

      2) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

      3) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақпен қамтамасыз етілген мынадай сандағы штаттық жұмыскерлердің болуы:

      кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 4 жұмыскер есебінен кемінде 16 адам*;

      кезекшілік ауысымға 2 жұмыскер есебінен кемінде 8 адам**;

      4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы рұқсат беру талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

      Ескертпе:

      * - жолға шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін;

      ** - жолға шығатын өрт сөндіру техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін.

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
  Нысан

Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *

      _________________________________________________________________________

      (МӨҚҚ атауы)

      Маркасы, моделі ______________ шасси __________ шыққан жылы ________________

      тіркеу нөмірлік белгісі _______________________ иесі ___________________________

      шасси__________________ шанағы ______________ қозғалтқышы _________________

      1. № _______________________ автомобиль формулярының болуы және оны жүргізу,

      ____________________ № ________________ көлік құралын тіркеу туралы куәлік,

      техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік.

      2. Спидометр бойынша жүріп өткен жолы_________________км.

      3. Автомобильдегі өрт-техникалық жабдық пен жарақтың тізімдемесі мен оның болуы:

Р/с №

Жабдық пен жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Болуы (бар/жоқ)

1

2

3

4

5

1

Ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм сорғыш түтік

дана

2


2

Ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм сорғыш түтік

дана

2


3

Ұзындығы 4-5 м диаметрі 77 мм, гидранттан жұмыс істеуге арналған тегеурінді түтік

дана

2


4

Ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм тегеурінді түтік

дана

6


5

Ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм тегеурінді түтік

дана

10


6

Ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм тегеурінді түтік

дана

6


7

Ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм сорғыш түтік

дана

1


8

Ұзындығы 12 м жібі бар СВ-125 сорғыш түтікке арналған тор

дана

1


9

РТ – 70 (РТ – 80) 3 жүрісті тармақталу

дана

2


10

Бітеуіші бар ВС-125 түтікке су жинағыш

дана

1


11

Гидранттарды ашуға арналған жалғайтын кілттер

дана

1


12

Газ түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы арқаны

дана

1


13

66x51 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


14

77x51 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


15

77x66 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


16

Түтік бекіткіш

дана

4


17

Түтік қысқыштар

дана

4


18

Өрт колонкасы

дана

1


19

К-150 сорғыш түтіктерді қосуға арналған кілттер

дана

2


20

К-80 тегеурінді түтіктерді қосуға арналған кілттер

дана

2


21

Гидранттардың қақпақтарын ашуға арналған кілттер

дана

1


22

Г-600 гидроэлеваторы

дана

1


23

РСК – 50 оқпаны

дана

4


24

РСА оқпаны

дана

2


25

РС –70 оқпаны

дана

2


26

СВП-4 ауа-көбікті оқпаны

дана

2


27

Тасымалданатын лафетті оқпан

дана

1


28

ГПС-600 еселігі орташа көбік генераторы

дана

2


29

Үш иінді саты

дана

1


30

Шабуыл сатысы

дана

1


31

Таяқ-саты

дана

1


32

Ұзындығы 2,5 метрлік металл багор

дана

1


33

"Әмбебап" сүймен

дана

1


34

Ұста зілбалғасы

дана

1


35

Балташы балғасы

дана

1


36

Жалпақ күрек

дана

1


37

Ағаш қаптағы ағаш кесетін ара

дана

1


38

Арматура кесуге арналған қайшы

дана

1


39

Электр өткізгіштерді кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:




диэлектрлік тұтқасы бар қайшы;

дана

1


диэлектрлік қолғап;

жұп

1


диэлектрлік боты;

жұп

1


диэлектрлік кілемше.

дана

1


40

Ұзындығы 30 м брезент қаптағы құтқару арқаны

дана

1


41

Өртте жұмыс істеуге арналған тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (ұсынылады)

дана

4


42

Жылу шағылыстырғыш костюм

дана

3


43

Резеңке етік

жұп

4


44

Электрлік жеке шам

дана

5


45

Электрлік топтық шам

дана

1


46

Медициналық дәрі-дәрмек сөмкесі

жиынтық

1


47

ОУ-5 немесе ОП - 5 өрт сөндіргіш

дана

1


48

Қысқа сапты күрек

дана

1


49

Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы

жиынтық

1


50

Автомобиль радиостанциясы

дана

1


51

Тасымал радиостанция

дана

4


52

Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғы

дана

1


53

Домкрат 5 – 10 т

дана

1


      4. Сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының, сиреналардың, жарқыл маяктардың жай-күйі

      ________________________________________________________________________

      (болуы және жарамдылығы)

      5. Радиостанциялардың жай-күйі__________________________________________

      (болуы және жарамдылығы)

      6. Өрт сөндіру автомобилінің өрт сорғышының, газ ағысы-вакуумды тетігінің және/немесе

      өзге де арнайы агрегаттарының (атауларын көрсете отырып) жай-күйі, атқарған жұмысы (мото-сағаттар)

      ________________________________________________________________________

      (өрт сорғыштың өрт сөндіргіш құралдарын беру қабілеттігі,

      ашық су көзінен су алу және гидрант арқылы жұмыс істеу)

      7. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық жай-күйі және өртте жауынгерлік

      іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі жұмысқа қабілеттілігі бойынша жалпы қорытынды

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      Комиссия төрағасы ________________________________________________________

      (бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)

      Комиссия мүшелері ________________________________________________________

      (бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)

      М.О.

      *автомобильдің жай-күйін тексеру және осы актіні жасау мемлекеттік емес

      өртке қарсы қызметтің орналасқан жері бойынша азаматтық қорғау саласындағы

      уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына жүктеледі.

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
2-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі

Р/с

Арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Өрт өндірушінің жауынгерлік киімі

жиынтық

1

2

Жүн қосылған матадан тігілген шлемнiң астынан киетiн бас киiм

дана

1

3

Қорғаныш түстi мойны жабық свитер

дана

1

4

Білекті брезенттi қолғап

жұп

1

5

Білекті терi қолғап

жұп

1

6

Карабинi бар өрт сөндiрушiнiң құтқару белдiгi

дана

1

7

Өрт сөндiрушiнiң каскасы (шлем)

дана

1

8

Өрт сөндiрушiнiң етiгi

жұп

1

9

Өрт сөндiрушi балтасының белдiк қабы

дана

1

10

Резеңке етiк

жұп

1

      Ескертпе:

      Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері өндiрiстiк қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, осы нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Лауазым атауы

Біліктілігі

1

2

Қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасарлары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару аппаратының немесе өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*

Қарауыл бастығы (ауысым бастығы)

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу аға нұсқаушысы

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу нұсқаушысы

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар.

Бөлімше командирі

Орта білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Аға өрт сөндіруші (құтқарушы), өрт сөндіруші (өрт сөндіруші құтқарушы)

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (аға жүргізуші)

Орта білім, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі осы санат бойынша кемінде 1 жыл автомобиль жүргізу тәжірибесімен, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Радиотелефонист 1
(байланыс бекетінің диспетчері)

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу 2 орталығында арнайы даярлаудан өткен.

      * мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген

Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары

      1. Осы сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындауға сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

      2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымына мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

      1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:

      өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;

      басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;

      2) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде сараптама ұйымына тиесілі үй-жайдың болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады