О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 "Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 22 июля 2015 года № 60. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 августа 2015 года № 11937. Утратил силу приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 февраля 2024 года № 42/қе.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Комитета национальной безопасности РК от 23.02.2024 № 42/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 42) статьи 56 Закона Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 "Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9070, опубликованный в газетах "Казахстанская правда" от 8 марта 2014 года № 47 (27668), "Егемен Қазақстан" от 8 марта 2014 года № 47 (28271) следующее изменение:

      в Типовой схеме организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в автомобильных пунктах пропуска, утвержденной вышеуказанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. При прибытии в пункт пропуска автотранспортных средств, въезжающих на территорию Республики Казахстан, контролирующими органами осуществляются следующие основные контрольные операции:

      1) подразделением пограничного контроля:

      регистрация автотранспортных средств при въезде в пункт пропуска;

      проверка документов на право въезда в Республику Казахстан у лиц, следующих на автотранспортных средствах, и занесение результатов пограничного контроля в информационную систему;

      досмотр автотранспортных средств при необходимости совместно с должностными лицами подразделения таможенного контроля;

      принятие решения о предоставлении лицам и транспортному средству права дальнейшего следования;

      2) подразделением таможенного контроля:

      регистрация въезда автотранспортных средств с применением автоматизированной системы учета автотранспортных средств;

      осуществление радиационного контроля посредством автоматизированной системы радиационного контроля и/или переносными техническими средствами радиационного контроля;

      осуществление таможенного контроля и таможенного декларирования товаров и транспортных средств;

      досмотр (при необходимости) автотранспортных средств совместно должностными лицами подразделения пограничного контроля;

      осуществление транспортного контроля путем проверки наличия и применения разрешительных документов, определения посредством имеющихся систем контроля весовых и габаритных параметров автомобильных транспортных средств в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан и законодательством Республики Казахстан;

      осуществление государственного карантинного фитосанитарного контроля и государственного ветеринарно-санитарного контроля, за исключением лабораторного контроля и лабораторной экспертизы в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, и законодательством Республики Казахстан.

      В автомобильных пунктах пропуска на казахстанско-российском участке государственной границы осуществляется только пограничный контроль.

      После проведения всех установленных видов контроля пограничный наряд осуществляет выпуск транспортных средств с территории пункта пропуска.".

      2. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (Дильманов Д.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель Комитета


национальной безопасности


Республики Казахстан

Н. Абыкаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      _______________А. Мамытбеков

      "___" ___________ 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      ________________А. Исекешев

      "___" ___________ 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ________________Б. Султанов

      "___" ___________2015 года



"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 шілдедегі № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11937 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 42/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.02.2024 № 42/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (27668) "Казахстанская правда", 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28271) "Егеменді Қазақстан" газеттерінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөлік құралдарының өткізу пункттеріне келуі кезінде бақылаушы органдар мынадай негізгі бақылау операцияларын жүзеге асырады:

      1) шекаралық бақылау бөлімшесі:

      өткізу пунктіне кіру кезінде автокөлік құралдарын тіркейді;

      автокөлік құралдарында баратын адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне құқық беретін құжаттарын тексереді және шекаралық бақылау нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізеді;

      автокөлік құралдарын қажет болған кезде кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарайды;

      адамдарға және көлік құралдарына одан әрі жүру құқығын беру туралы шешім қабылдайды;

      2) кедендік бақылау бөлімшесі:

      автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, көлік құралдарының кіруін тіркейді;

      радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асырады;

      көлік құралдары мен тауарларды кедендік ресімдейді және кедендік бақылауды жүзеге асырады;

      автокөлік құралдарын шекарлық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесе қарап тексереді (қажет болғанда);

      көліктік бақылау Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңынамасына сәйкес рұқсат құжаттарының бар болуы мен қолданылуын тексеру, автомобильдік автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асырады;

      мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау мен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік шекараның қазақстан-ресей учаскесіндегі автомобильдік пункттерінде тек шекаралық бақылау ғана жүзеге асырылады.

      Барлық белгіленген бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряд өткізу пунктінің аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (Д.А. Ділманов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің


Төрағасы

Н. Әбіқаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрі

      ________________А. Мамытбеков

      2015 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________А. Исекешев

      2015 жылғы "___" ___________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "___" _________