Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 қаңтарда № 9070 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 42/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.02.2024 № 42/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік үлгілік схемасы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағасы

Н. Әбіқаев

КЕЛІСІЛДІ


Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


________________ Б. Сұлтанов


2013 жылғы "5" желтоқсан


КЕЛІСІЛДІ


Қазақстан Республикасының


Көлік және коммуникация министрі


__________________ А. Жұмағалиев


2013 жылғы "3" желтоқсан



  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2013 жылғы "30" қарашадағы
№ 504 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе
(авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың
үлгілік схемасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдар бөлімшелерінің (бұдан әрі – бақылаушы органдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) әуе (авиациялық) өткізу пункттерінен (бұдан әрі – өткізу пункттері) кесіп өтетін адамдарға, әуе кемелеріне, жүктер мен тауарларға қатысты шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және/немесе қадағалауды, сондай-ақ авиация қызметінің іс-қимылын жүзеге асыру кезінде өткізуді ұйымдастыруды айқындайды.

      2. Бақылау операцияларын өткізу орнына белгіленген уақытқа дейін бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының уақытылы келуін қамтамасыз ететін әуежай (әуеайлақ) диспетчерлік қызметі бақылаушы органдарға әуе кемелерінің тұрақты (әуе кемесінің қозғалыс кестесі бойынша) рейстерін және әуе кемесінің тұрақты емес (әуе кемесінің қозғалыс кестесінен тыс) рейстерін есепке ала отырып, тәуліктік жоспарды ұсынады.

      Әуе кемесінің тәуліктік ұшу жоспарындағы барлық өзгерістер туралы әуежай (әуеайлақ) диспетчерлік қызметі бақылаушы органдарға тез арада хабарлайды.

      3. Әуе кемесін бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа да түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің бөлімшесі (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) шекаралық бақылау бөлімшесінің келісімі бойынша әуежай әкімшілігі белгілеген әуе кемелерінің тұрағында жүзеге асырылады.

      Шетелге баратын әуе кемесі ұшу үшін қозғалысты, яғни тұрақ орнын тек шекаралық бақылау бөлімшесінің рұқсатымен ауыстырады.

      4. Әуе кемесін тексеруді шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары инженерлік-авиациялық қызмет (экипаж мүшелері) өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.

      5. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерін бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа түрлері өткізу пунктінің арнайы жабдықталған үй-жайларында, сондай-ақ әуе кемесінің бортында (басқышында) басқышында жүзеге асырылады.

      6. Жүктер мен тауарларды бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа түрлері өткізу пунктінің тиеу-жүк түсіруге арналған жабдықпен жабдықталған, соның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайлары мен алаңдарында жүзеге асырылады.

      7. Әрбір әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде оның ерекшеліктеріне байланысты (санаттары, сыныптары, инфрақұрылымының және техникалық жарақтануының дамуы, жыл уақыты) Үлгілік схеманың негізінде бақылау органдары басшыларының және әуежай әкімшілігінің бірлескен шешімімен Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді ұйымдастыру схемасы (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) әзірленеді және бекітіледі.

      8. Өткізу пунктіндегі режимді шекаралық наряд авиациялық қауіпсіздік қызметі және кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз етеді.

      Өткізу пунктінің кедендік бақылау аймағында кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес режимдік шектеу енгізеді.

      Бақылау аумағында шетелге баратын жолаушыларды тіркеуді бастаудан отыз минут бұрын шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары АҚҚ қызметкерлерін қатыстыра отырып, режимдік іс-шараларды жүзеге асырады. Осы іс-шаралар аяқталғанға дейін бақылауды жүзеге асыруға немесе жолаушыларға қызмет көрсетуге қатыспайтын барлық адамдар шығарылады, күту залына кіруге мүмкіндік тудыратын барлық кіреберістер жабылады, тек шекаралық нарядтардың қатысуымен және олардың рұқсатымен ашылады және жабылады.

      Күту залында бақылауды, сондай-ақ жолаушыларды бақылауды шекаралық нарядтар және кедендік бақылау бөлімшесінің жедел қызметкерлері жүзеге асырады.

2-тарау. Адамдар, жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасына әуе кемесімен келген кездегі бақылаушы органдар мен авиация қызметтерінің іс-қимылдары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бақылаушы органдары лауазымды тұлғаларының және авиациялық қызметтер қызметкерлерінің әуе кемесінің кетуі кезіндегі іс-қимылдары:

      1) әуежайдың (әуеайлақтың) диспетчерлік қызметі рейс нөмірі, әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі мен жолаушылардың санын (жолаушылардың тізімін) және олардың багаждары туралы мәліметтер көрсетілген әуе кемесінің ұшуы туралы хабарлама (телефондық хабарлама, жеделхат, басқа да хабарламалар) алғаннан кейін бұл туралы бақылаушы органдарға хабарлайды;

      2) әуе кемесінің қону уақытының есебі туралы мәлімет алғаннан кейін бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесінің тұрағына уақытынан бұрын келеді;

      3) әуе кемесін тұраққа қондыру сәтінен бастап шекаралық нарядтар оларды бақылауды жүзеге асырады. Әуе кемесінің келу тұрағында қосымша шектеу режимері қойылады. Әуе кемесіне адамдардың келуіне шекаралық, кедендік және басқа да түрлі бақылаулар жүзеге асыру кезінде шектеу қойылады, қажет болған жағдайда – тыйым салынады;

      4) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-карантиндік жағдайы және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қауіпі болған жағдайда экипаждың өтінімі бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары бірінші болып әуе кемесінің бортына көтеріледі, санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды бағалайды және өзінің құзіреті шегінде әуе кемесін қабылдау немесе санитарлық-карантиндік бақылау бойынша басқа іс-қимылдарды жүзеге асыру қажеттілігі бойынша шешім қабылдайды;

      5) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесінің экипажына шекаралық, кедендік және басқа бақылауларды жүзеге асыруға қатысты сауалдар жүргізеді;

      6) әуе кемесінің экипажы бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді:

      азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының құжаты (бас декларация);

      әуе кемесінің бортында тасымалданатын жүктер мен тауарлар туралы мәліметтер қамтылған құжат (жүк ведомосі);

      борт керек-жарақтары туралы мәліметтер қамтылған құжат;

      көлік (тасымалдау) құжаттары;

      тасымалданатын жүктерге және тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттар;

      бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);

      Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Дүниежүзілік пошта одағының хаттамаларымен айқындалған, халықаралық пошта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжат;

      жоғары фитосанитарлық қауіпі бар карантинге түскен өнімге рұқсат беретін карантиндік фитосанитарлық құжат, егер бұл өнім экипаж бен әуе көлік құралдары жолаушыларының азықтандыру үшін арналмаған болса және әуе кемесінің бортынан шығуы мүмкін болса.

      Сонымен қатар әуе кемесінің командирі келесі мәліметтерді ұсынады:

      экипаж мүшелеріндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын және валюталық құндылықтарын қоса алғанда, кеме бортында Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы) туралы;

      7) шекаралық наряд басшысы бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының келісімі бойынша әуе кемесіне келген адамдардың түсуіне, жүктер мен тауарларды түсіруге рұқсат береді;

      8) әуе кемесіне келген адамдарды, жүктер мен тауарларды түсіргеннен кейін шекаралық бақылау және кедендік бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары инженерлік-авияциялық қызмет өкілдерінің (экипаж мүшелері) қатысуымен әуе кемесін бірлесе қарап тексеруді жүзеге асырады;

      9) әуе кемесін қарап тексеруді аяқтағаннан кейін тұрақтағы қосымша режимдік шектеу алынып тасталынады;

      10) келген адамдарды әуе кемесінің тұрағынан бақылау орнына тасымалдау, шекаралық нарядтардың бақылауымен немесе еріп жүруімен жүзеге асырылады.

      10. Шекаралық наряд келген адамдардың мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттарын тексеруді аэровокзалдық кешендердегі паспорттық бақылау кабиналарында немесе арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелері экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады.

      Шекаралық бақылау бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бір уақытта кесіп өтетін адамдардың санын ескере отырып, барынша көп паспорттық бақылау кабиналарының жұмысы істеуіне шара қолданады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 50/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жолаушыға Қазақстан Республикасына рұқсат берілмеген жағдайда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 10-тармағында және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көзделген негіздерде шекаралық наряд жетекшісі әуежайдың жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің (бұдан әрі - ЖТҰҚ) агентіне немесе авиакомпанияның өкіліне ақпарат береді.

      ЖТҰҚ агенті (авиакомпания өкілі) аталған жолаушыны кері рейспен депортациялауға немесе оны кейін депортациялауға дейін орналастыруға шара қолданады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелері, бизнес-класс жолаушылары, мүмкүндіктері шектеулі жолаушылар, ӘК экипажы, "FAST TRACK" стикерімен белгіленген, арнайы бөлінген паспорттық бақылау кабинасы арқылы өткізіледі.

      13. Әуе кемелері экипаждарының мүшелері Қазақстан Республикасына кіру құқығына арналған құжаттар бойынша, сондай-ақ авиакомпанияның өкілі (ЖТҰҚ агенті) шекаралық наряд жетекшісі алдын ала ұсынатын ұшу тапсырмасына (бас декларацияға) сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өткізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Шекаралық бақылау бөлімшелері жүктер мен тауарлардың тексеріп қарауды Мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында өткізеді. Жүктер мен тауарларды тексеріп қарау оларды түсіру кезінде әуе кемесінің тұрағында немесе Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген орындарда кедендік бақылау бөлімшелерімен бірлесе отырып, жүзеге асырылады.

      "Мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде (кедендік бақылау заңнамада көзделмеген әуе кемелерін ресімдеу кезінде), сонымен қатар радиациялық бақылау шекаралық бақылау бөлімшесі кедендік бақылау бөлімшелерінің радиациялық бақылаудың стационарлық техникалық құралдарын пайдалануымен өткізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Келген адамдарды, жүктерді кедендік және радиациялық бақылау өткізу пунктінің арнайы жабдықталған үй-жайларында жүргізіледі, онда келген адамдардың, жүктердің Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларының талаптарына сәйкестігіне құжаттарын тексеру жүзеге асырылады.

      Кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары құжаттардағы мәліметтердің растығын тексереді және шекаралық бақылау бөлімшесімен бірлесе отырып (қажет болғанда), келген жүктер мен тауарларды қарап тексеруді жүргізеді.

      Кедендік бақылау барысында келген адамдардың қол жүгінде немесе багажында кіші үй жануарлары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат немесе карантинге түскен өнімдер анықталған жағдайда, карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды немесе ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды бөлімшелерінің лауазымды адамдары тиісті тексеруді жүзеге асырады.

3-тарау. Қазақстан Республикасынан әуе кемесінде адамдар, жүктер мен тауарлар кеткен кездегі бақылаушы органдар мен авиация қызметтерінің іс-қимылдары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Авиациялық қызмет қызметкерлерінің және бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының тұрақта және әуе кемесінің бортында жүзеге асыратын іс-қимылы:

      1) әуе кемесінің ұшуға техникалық дайындығы барысында, әуежайдың (әуеайлақтың) өндірістік-диспетчерлік қызметі ұшуға дейін үш сағат бұрын бақылаушы органдарына рейстің нөмірін, әуе кемесінің түрін, борт нөмірін, жіберу уақытын, баратын әуежайды, тұрақ нөмірін көрсете отырып, әуе кемесінің тиелуге дайын екендігі туралы хабарлайды;

      2) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесіне тиеуге дайын екендігі туралы хабар алған соң әуе кемесінің тұрағына келеді.

      Кететін әуе кемесінің тұрағында және шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын үй-жайларда қосымша режимдік шектеулер қойылады.

      Әуе кемесіне адамдардың келуіне шекаралық және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыру кезеңінде шектеу қойылады, қажет болған жағдайда - тыйым салынады;

      3) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесінің командиріне шекаралық, кедендік және басқа бақылауларды жүзеге асыруға қатысты сауалдар жүргізеді;

      4) әуе кемесінің командирі бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді;

      5) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары әуе кемесін бірлесіп тексеруді инженерлік-авиациялық қызмет (экипаж мүшелері) өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады;

      6) шетелге бара жатқан жолаушыларды тіркеу шетелге бара жатқан әуе кемелерін ресімдеудің белгіленген регламентіне сәйкес әуе кемесі ұшып шыққанға дейін алдын ала басталады. Жолаушыларды тіркеудің басталуымен кедендік бақылау тіректері мен паспорттық бақылау кабиналарының жұмысы басталады. Бір мезгілде жұмыс істейтін кедендік бақылау тіректері мен паспорттық бақылау кабиналарының саны жолаушылар ағынының қарқындылығына сәйкес келуі және кезектер жасамауы тиіс.

      "Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысының Қағидаларымен белгіленген мемлекеттік бақылаудың түрлері (бұдан әрі - мемлекеттік бақылаудың түрлері) тіркеудің аяқталу уақытына кешіккен адамдарға қатысты мемлекеттік бақылаудың түрлері жүргізілмейді.

      7) шекаралық нарядтарының ауысым басшысы кететін әуе кемесіне адамдарды (бұдан әрі – кететін адамдар) отырғызуға және кедендік бақылау бөлімшесі лауазымды тұлғаларының келісімі бойынша тауарлар мен жүктерді тиеуге рұқсат береді. Әуе кемесінің бортына адамдарды отырғызу аяқталған соң, шекаралық нарядтарының ауысым басшысы борттағы адамдарды шекаралық бақылаудан өткендердің санымен салыстыруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Адамдарға, жүктер мен тауарларға шекаралық, кедендік және басқа да бақылауларды жүзеге асыру бойынша бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының іс-қимылы:

      1) шекаралық наряд кететін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге құқық беретін құжаттарын тексеруді паспорттық бақылау кабиналарында, арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелерінің экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады;

      2) оларға қатысты заңды шектеу қойылған адамдар Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді. Мемлекеттік шекара арқылы өткізбеу фактісі бойынша шекаралық нарядының ауысым басшысы авиакомпания өкіліне немесе ЖТҰҚ агентіне багажды уақытылы түсіру және жолаушылар манифестіне өзгерістер енгізу мақсатында аталған жолаушылар санатының әуе кемесінде ұшуы мүмкін еместігі туралы ақпарат береді.

      Шындығы күмән келтіретін құжаттар, арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тереңдетілген тексеру рәсімінен өтеді. Құжаттарды тереңдетілген тексеруден өткізу уақыты туралы авиакомпания өкіліне немесе ЖТҰҚ агентіне хабарланады;

      3) дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелері, бизнес-класс жолаушылары, мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар, әуе кемесінің экипаждары "FAST TRACK" стикерімен белгіленген арнайы бөлінген паспорттық бақылау кабинасы арқылы өткізіледі.

      Әуе кемелерінің экипаж мүшелері Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары бойынша, сондай-ақ авиакомпания өкіліне (ЖТҰҚ агенті) уақытынан бұрын ұсынылатын ұшу тапсырмасының көшірмесіне (бас декларациясына) сәйкес өткізіледі;

      4) адамдар мен багаждарға кедендік және радиациялық бақылау кететін адамдардың авиабилеттерін тіркеу, багаж бен қол жүгін ресімдеу аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Жүктерді бақылауды кедендік бақылау бөлімшесі шекаралық бақылау бөлімшесімен өзара іс-қимылда оларды тиеуге дейін немесе әуе кемесіне тиеу уақытында жүзеге асырылады. Кедендік бақылау барысында келген адамдардың қол жүгінде немесе багажында кіші үй жануарлары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат немесе карантинге түскен өнімдер анықталған жағдайда, карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды немесе ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеруді жүзеге асырады;

      5) кететін адамдарды аэровокзал ғимаратынан әуе кемесінің тұрағына дейін тасымалдау шекаралық нарядының бақылауымен немесе алып жүруімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 50/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Басқышты айдап әкету және әуе кемесін жабу шекаралық наряды жетекшісінің рұқсатымен жүргізіледі.

      Әуе кемесі жабылғаннан және басқышты алып кеткеннен кейін оның ұшуына дейін (өз бетімен қозғалуы алдында) шекаралық наряд оны қадағалауды жүзеге асырады.

      Әуе кемесі кеткеннен кейін енгізілген қосымша режимдік шектеулер алынып тасталады.

      19. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқығы жоқ транзиттік және трансферттік жолаушылар баратын мемлекетке кіру құқығына тиісті түрде ресімделген құжаттары және Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта отырғызу әуежайынан ұшу күнін растайтын авиабилеттері бар болған жағдайда әуежайдың транзиттік залында немесе әуежай қонақүйінің визасыз (бақыланатын) аймағында орналастырылады. Аталған адамдардың Қазақстан Республикасынан аумағынан өз уақытында кетуін тасымалдаушы мен әуежайдың транзит қызметі қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 504 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы

      Ескерту. Үлгілік схемасы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдар бөлімшелерінің (бұдан әрі – бақылаушы органдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) автомобильлдік өткізу пункттерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (бұдан әрі – өткізу пункттері) кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және/немесе қадағалауды жүзеге асыруы кезінде өткізуді ұйымдастыру схемасын айқындайды.

      2. Өткізу пункттеріндегі шекаралық, кедендік, экспорттық, санитариялық-карантиндік, карантиндік фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және (немесе) қадағалау бақылаушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.

      3. Бақылаушы органдар қызметті үйлестіру жолымен бақылау жүргізу уақытын барынша азайту және бақылау операцияларын жүргізуге бөлінген уақытты негізсіз созуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      4. Көлік құралдарын тексеріп қарауды өткізу пунктінің тексеріп қарау алаңында шекаралық бақылау бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бұзушыларды табу және ұстау мақсатында жүргізеді.

      5. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар (қылмыстар) фактілерін анықтау, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеріп қарауды жүргізу уақытын қысқарту үшін инспекциялық-тексеріп қарау кешендері пайдаланылады.

      Кедендік бақылау бөлімшелері пайдаланатын инспекциялық-тексеріп қарау кешендерімен жарақтандырылған өткізу пункттерінде шекаралық бақылау бөлімшелері тексеріп қарау нәтижелерін оларды қолдана отырып таниды. Кедендік бақылау бөлімшелері мен шекаралық бақылау бөлімшелері олардың баланстық тиесілігіне қарай инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін пайдалана отырып, тексеріп қарау нәтижелеріне өзара рұқсат беруді қамтамасыз етеді.

      Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелері бірлесіп жүзеге асырады.

      6. Әрбір өткізу пунктінде оның ерекшеліктеріне қарай (санаттарға бөлу, сыныптау, инфрақұрылымды және техникалық жарақтандыруды дамыту, мемлекеттік шекара сызығынан қашықтығы, жыл уақыты) үлгілік схема негізінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру схемалары (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) әзірленеді және бақылаушы органдар басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі.

      Өткізуді ұйымдастыру схемаларында тиісті өткізу пунктіндегі жергілікті жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.

      Кеден және басқа да бақылаушы органдары жоқ өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастыру схемаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің бастығы бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды, сондай-ақ өткізу пункттерінде кезекті электрондық броньдау жүйелерінің жұмыс істеуін қоспағанда, мемлекеттік бақылау түрлері алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз адамдардың, көлік құралдарының келу кезегі тәртібімен өткізу пункттерінің жұмыс режиміне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлардың өткізілуін, сондай-ақ тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды өткізу пункттерінде экспорттық бақылау бекеттерін қою арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер органдары) жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс режимі тәулік бойы болмайтын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жиналуын болдырмау мақсатында шекаралық бақылау бөлімшесінің келісімі бойынша өткізу пункттерінің аумағында орналасқан автокөлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуге мемлекеттік шекара арқылы өткізу тоқтатылғаннан кейін жол беріледі.

2-тарау. Адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізу пунктінің аумағына келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылы.

      10. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөлік құралдарының өткізу пунктіне, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келуі кезінде бақылаушы органдар мынадай негізгі бақылау операцияларын жүзеге асырады:

      1) шекаралық бақылау бөлімшесі:

      өткізу пунктіне, кіру кезінде автокөлік құралдарын тіркеу;

      автокөлік құралдарымен баратын адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне құқық беретін құжаттарын тексереді және шекаралық бақылау нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізу;

      автокөлік құралдарын кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарау;

      адамдарға және көлік құралдарына одан әрі жүру құқығын беру туралы шешім қабылдау;

      мемлекеттік кіріс органдары (кедендік бақылау бөлімшелері) жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және/немесе тасымалды радиациялық бақылаудың техникалық құралдары арқылы радиациялық бақылауды жүзеге асыру

      2) кедендік бақылау бөлімшесі:

      автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, автокөлік құралдарының кіруін тіркеу;

      радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

      көлік құралдары мен тауарларды кедендік бақылауды және кедендік декларациялауды жүзеге асыру;

      автокөлік құралдарын шекарлық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарау;

      көліктік бақылауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарының бар болуы мен қолданылуын тексеру, автомобильдік көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асыру;

      мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау мен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен сәйкес келмейтін Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде экспорттық бақылауды жүзеге асыру: тауарларға ілеспе құжаттарды тексеру және сканерлеу; мемлекеттік кірістер органынның электрондық жүйесіне тауарларға ілеспе құжаттарды енгізу; тауардың Мемлекеттік шекара арқылы одан әрі тасымалдануы туралы шешім қабылдау.

      Барлық белгіленген бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряд өткізу пунктінің, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынның аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.

      11. Адамдар мен көлік құралдарының шығуы, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету кезіндегі бақылаушы органдардың іс-қимылдарының дәйектілігі кері реттілікпен белгіленеді.

      12. Мемлекеттік шекара арқылы жаяу жүретін адамдарға, автобустар мен жүк көлік құралдарына қатысты бақылауды жүзеге асыру бойынша бақылаушы органдардың іс-қимылдарының дәйектілігі оның ерекшелігіне байланысты әрбір өткізу пункті үшін нақты айқындалады.

      13. Бақылаудың мемлекеттік түрлері өткізу пункттерінде ауыр науқасты тасымалдауға, жолаушыларды тұрақты тасымалдауды орындайтын автобустарға, сондай-ақ жануарларды, жылдам бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде өткізу пункттерінде бақылаудың белгіленген түрлері Қазақстан Республикасымен ратификацияланған үкіметаралық келісімдердің және 2003 жылғы 4 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының "Автомобильдік көлік туралы" Заңының негізінде басымдылық тәртіпте жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2013 жылғы "30" қарашадағы
№ 504 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдардың бөлімшелері шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, карантиндік фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және (немесе) қадағалауды (бұдан әрі – бақылаушы органдар) жүзеге асырған кезде өткізуді ұйымдастыру схемасын, сондай-ақ теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (бұдан әрі – өткізу пункттерін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) кесіп өтетін адамдарға, теміржол көлік құралдарына, жүктерге және тауарларға қатысты теміржол теміржол станциялары әкімшілерінің іс-қимылдарын анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қызметті үйлестіру жолымен бақылаушы органдар мен тасымалдаушы халықаралық қатынас поездары (бұдан әрі - поездар) қозғалысында бақылау өткізу уақытын мейлінше азайту және негізсіз кідірістерді болдырмау бойынша барлық мүмкін шараларды қолға алады.

      3. Бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылаушы органның лауазымды тұлғасы поезд бастығын және теміржол станциясы бойынша кезекшіні, кейіннен поезд бастығына кідіріс актісінің берілуімен, кідірістің себептері мен болжанатын ұзақтығы туралы хабардар етеді, сондай-ақ поездық бригадалар қызметкерлерінің тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда рейстік журналға тиісті жазба жазады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 12.07.2019 № 51/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Теміржол станциясының әкімшілігі поездың келуіне бір сағат қалғанда, бақылаушы органдарға поездың өткізу пунктіне келуі – уақыты, тұрақ орны (теміржол жолдары) және жолаушылар саны, сондай-ақ өткізу пункттері арқылы өтетін, жүк поездарының алдын-ала саны, вагондардың типтері және жүктер мен тауарлардың сипаты туралы ақпарат береді.

      5. Жолаушылар поездарының поездық бригадасының қызметкерлері поезд өткізу пунктіне келгенге дейін бақылау үшін дайындалған құжаттармен, қол жүгімен және кедендік саласы қолданыстағы заңнамаға сәйкес толтырылған кедендік декларациялармен жолаушылардың өз орындарында болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бақылау өткізілу кезінде жолаушылар вагондарда тек бақылаушы органдардың рұқсатымен ғана жүріп-тұра алады. Бақылау өткізу уақытында вагон-ресторандардың жұмысы тоқтатылады.

      7. Жолаушылар поездарында жолжүгі вагондарының болуы кезінде бақылаушы органдар олардың сырттай қаралуын, тасымалданатын жүктер мен тауарларға қатысты тасымалдау және жөнелтпе құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының аумағына кіргізген кезде жолжүгі вагондарындағы жүк кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кедендік мағлұмдауға жатады.

      8. Поездардың және ондағы тасымалданатын жүктердің тексерілуі, кедендік бақылау бөлімшесімен бірлесе Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесімен (бұдан әрі – шекаралық бақылау бөлімшесі) өткізу пунктінің арнайы жайластырылған аймағында жүргізіледі.

      9. Бақылаушы органдар тексерудің аяқталғандығы туралы теміржол станциясы бойынша кезекшіге хабарлайды.

      10. Жүк және жолаушылар поездарының Мемлекеттік шекара арқылы өтулері кезінде кедендік бақылау бөлімшесі автоматтық немесе қол режимінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, радиациялық бақылауды жүргізеді.

      Мемлекеттік кірістер органдары (кедендік бақылау бөлімшелері) жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылауды, оның ішінде радиациялық бақылаудың стационарлық және алып жүретін техникалық құралдары арқылы шекаралық бақылау бөлімшесі жүргізеді.

      Қазақстан Республикасынан шығуға және/немесе Қазақстан Республикасына кіруге қатысты жүк және жолаушылар поездарының өтулері кезінде радиоактивтік материалдардың болуына қатысты радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелері іске қосылған жағдайда кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы жылжымалы құрамды тоқтату, қайта тексеру жүргізу, ал расталған жағдайда – радиотехникалық бақылаудың тасымалданатын (алып жүретін) жүйелерін пайдалана отырып, иондаушы сәулелену көздерін оқшауландыру және сәйкестендіру үшін кедендік (шекаралық) бақылау бөлімшесі мен теміржол қызметінің басшылығына хабарлайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Инспекциялық тексеріп қарау кешендерін (бұдан әрі - ИТҚК) пайдаланумен өткізу пункттерінде теміржол көлігін тексеріп қарау Қазақстан Республикасының теміржол қызметтері ұсынатын теміржол құрамдары, жеке тұлғалардың саны, оның ішінде жүктерді алып жүретін адамдардың саны туралы ақпаратқа сәйкес шекаралық бақылау бөлімшесімен келісе отырып, кедендік бақылау бөлімшесі жүргізеді.

      Шекаралық бақылау бөлімшесі инспекциялық тексеріп қарау кешендерін пайдалана отырып, жүргізген кедендік бақылау бөлімшелерінің тексеріп қарау нәтижелерін мойындайды және олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Әрбір теміржол өткізу пунктінде оның ерекшеліктеріне (санаттау, сыныптау, инфрақұрылымды және техникалық жарақтандыруды дамыту, мемлекеттік шекара сызығынан алшақтығы, жыл уақыты) қарай Үлгілік схема негізінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру схемалары (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемалары) әзірленеді және бақылаушы органдар мен теміржол ұйымдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі.

      Теміржол өткізу пункттерінде кеден және өзге де бақылаушы органдар болмаған кезде өткізуді ұйымдастыру схемаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы және теміржол ұйымының басшысы бекітеді.

      Өткізуді ұйымдастыру схемаларында жолаушылар поездарының қозғалысы мен тұрақтарының кестесіне сәйкес бақылау операцияларын жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Поезд кешігіп келген жағдайда шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлерін жүзеге асыруға бөлінген уақытты қысқартуға болмайды.

2-тарау. Халықаралық қатынастағы поездар Қазақстан Республикасының өткізу пункттерінің аумағына келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыс басталар алдында, бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары поезд бастығынан поездағы сырқат, сырқаттары болуға күдікті тұлғалар, поезға заңсыз кіріп кеткен тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына кіру құқығына құжатсыз болып отырған тұлғалар, Қазақстан Республикасына (нан) әкелуге/шығаруға Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасымен тыйым салынған жүктер туралы ақпаратты нақтылайды.

      15. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-карантиндік жағдайы және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қаупі болған жағдайда бақылаудың басқа түрлерін жүргізгенге дейін санитарлық-карантиндік қадағалау жүзеге асырылады.

      16. Жолаушылар поездарының шекаралық бақылауы жекелеген жағдайларда Мемлекеттік шекара сызығынан өткізу пунктіне дейін және кері бағыттағы қозғалысы барысында, сондай-ақ поездар жүрісінің транзиттік учаскелерінде олардың шекаралық нарядтарымен бірге жүруімен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік шекара арқылы теміржол көлігімен өтетін адамдардың құжаттарын тексеру тікелей шетелге баратын поездар вагондарында немесе шекаралық станциялардың жабдықталған залдарында, сондай-ақ теміржол станциясының платформасында жүзеге асырылады. Теміржол өткізу пунктіндегі шекаралық бақылауды жүзеге асыру бірізділігі нақты жағдайларға, тұрақ уақытына, транзиттік учаскелердің болуына және өткізу пункттерінің басқа ерекшеліктеріне байланысты болады.

      17. Вагондардың ішкі бөлігін тексеру, поездық бригадалар мүшелерін тарта отырып, Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардың құжаттарын бір уақытта тексерумен, Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында шекаралық нарядтары жүзеге асырады.

      18. Қазақстан Республикасына кіру кезінде кедендік, ал қажет болған кезде қол жүгі мен багаж бақылауының басқа да түрлері, шекаралық нарядтарымен олардың иелерінен Қазақстан Республикасына кіру құқығына қатысты құжаттарды тексеруден кейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасынан шығу кезінде бақылау кері реттілікте жүзеге асырылады.

      19. Жүру жолы аяқталған, шекараның ар жағынан келген жолаушылардың шығуы, поездың қалған вагондарындағы бақылау аяқталғанын күтпестен, вагондағы шекаралық және кедендік бақылау аяқталғаннан кейін рұқсат етіледі.

      20. Жүру жолы өткізу пунктінде аяқталатын, шекараның ар жағынан келген жолаушыларға қатысты бақылаудың шекаралық, кедендік және басқа да түрлері, сондай-ақ бақылаушы органдармен сол үшін арнайы жабдықталған өткізу пунктінің ғимаратында жүргізіледі.

      21. Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға, 2009 жылғы 18 қырқүйегіндегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңына, 2002 жылғы 10 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес санитарлық-карантиндік бақылауды, карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды және өзге түрлерін жүргізу қажетті тауарлардың, жүктердің орындарын ауыстыруы кезінде тауарларды кедендік рәсімге қоюға тек тиісті бақылаудан кейін ғана рұқсат етіледі.

      22. Кедендік бақылау бөлімшесі, берілуі Қазақстан Республикасы Кедендік одақтың кедендік заңнамасымен қарастырылған, кедендік бақылау мақсаттары үшін тасымалданатын тауарларды және жүктерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін коммерциялық және өзге де құжаттарды тексереді.

      Қажетті құжаттардың тапсырылмаған жағдайында кедендік бақылау бөлімшесі шекаралық теміржол станцияларында, оның ішінде оларды Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге қайтару мақсатымен тауарларды тасымалдайтын, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын ұстауға құқылы.

      23. Поезд бақылауының шекаралық, кедендік және басқа да түрлерінің аяқталуы және режимдік шектеулердің алынуы туралы шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы (ауысым жетекшісі) теміржол станциясы бойынша кезекшіге хабарлайды.

      24. Теміржол станциясы бойынша кезекшінің поезды шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің келісімінсіз жөнелтуіне рұқсат етілмейді.

      25. Поездың өткізу пунктіндегі тұрған кезінде шекаралық бақылаудан өтпей, Мемлекеттік шекара режимін бұзуға, шетелге баратын көлік құралына кіріп кетуге тырысатын тұлғаларды анықтау мақсатымен поезд вагондары сыртқы бөлігінің тексерілуі жүзеге асырылады.

      26. Қазақстан Республикасынан шығып бара жатқан тұлғалардың қол жүгі мен багажына қатысты шекаралық және кедендік бақылау, сондай-ақ вагондардың ішкі бөлігін тексеру, жекелеген жағдайларда поездардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жақын торапты станциядан өткізу пунктіне дейін (Мемлекеттік шекара сызықтары) немесе Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жол жүру учаскелерінде жүзеге асырылады.

      27. Жүк поездарын тексеруді шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелері көлік ұйымдары өкілдерін тарта отырып, жүзеге асырады.

      28. Осы Үлгілік схеманың 4-тармағына сәйкес теміржол станциясы бойынша кезекші бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларына ақпаратты беру кезінде Мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын поездағы вагондардың саны және тұрпаты, жүктің атауы туралы ақпараттайды. Алынған ақпарат негізінде бақылаушы органдар бақылау шараларын жоспарлайды.

      29. Поездың өткізу пуктіне келгеніне дейін режимдік аумаққа бөтен тұлғалар кіргізілмейді. Келетін поезға шекаралық бақылау бөлімшесі байқауды орнатады.

      30. Өткізу пунктіне келген поезға шекаралық бақылау бөлімшелерінің рұқсат етуімен, тек қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті тұлғалар ғана жіберіледі.

      31. Поезд келгеннен кейін тасымалдаушының өкілетті қызметкері шекаралық бақылау бөлімшенің рұқсатымен локомотивтік бригададан тексеру үшін тасымалдау және тауарға ілеспе құжаттарын алады.

      32. Өңделгеннен кейін тасымалдау және тауарға ілеспе құжаттары, құжаттарды қабылдау-тапсыру уақыты туралы белгісімен құжаттардың бақылауын орындау үшін кедендік бақылау бөлімшесіне табыс етіледі.

      33. Жүк санитарлық-карантидік қадағалауға, карантиндік фитосанитарлық бақылауға және қадағалауға, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауға және қадағалауға жататын жағдайларда (Кедендік одақ мүше – мемлекеттер Сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық Номенклатурасының кодтарына сәйкес) аталған тасымалдаушы және тауарға ілеспе құжаттар тиісті бақылаушы органдарға жолданады.

      34. Теміржол жолдарының электрлендірілген учаскелерде келген жүк поезын, теміржол станциясы қызметкерлерінің тартылуымен бақылаушы органдаргандарымен тексеруі, оның электр тоғынан ажыратылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      35. Жүк поездарын шекаралық бақылау локомотив бригадасы мүшелерінің және жүктерді алып жүретін адамдардың құжаттарын тексеруден, бір мезгілде құрамды қарап тексеруден басталады. Кедендік бақылау бөлімшесі тексеруді шекаралық бақылау бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Мөрлер, пломбалар бүтіндігінің бұзылу жағдайында, сондай-ақ вагондарда бөтен тұлғалардың жасырыну белгілері болған кезде, комиссиялық тәртіпте келген поездың құрамындағы жекелеген вагондар бақылаушы органдары лауазымды тұлғаларының талаптары бойынша ашылады және тегіс қаралады. Мұндай жағдайларда тексеріп қарау бақылау органдары өкілдерінің және теміржол станциясы әкімшілігінің қатысуымен жүзеге асырылады. Вагондардың ашылу фактілері және олардың тексерілу нәтижелері, комиссия мүшелерімен қол қойылатын, тексеру актісінде көрсетіледі.

      37. Әкелінетін жүктің қандай да бір ауру қоздырғышын және/немесе карантидік объектілерін жұқтыруына негіз болған кезде (жәндіктердің, кеміргіштердің және олардың іздерінің болуы), радиациялық сәулеленудің рұқсат етілетін нормасынан артып кетуі анықталған кезде, бұзылған орамада ішіндегі сұйықтықтың ағып кету белгілері бар қауіпті жүктердің болуы кезінде бақылаушы органдар тасымалдаушының өкілетті қызметкеріне вагонды арнайы бөлінген теміржолдың тұйықталған басына қойылу туралы еркін түрде жазбаша хабарламаны жолдайды.

      38. Поезды тексеру кезінде Мемлекеттік шекара бұзушыларды немесе Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған заттарды анықтаған кезде, шекаралық бақылау бөлімшесінің және кедендік бақылау бөлімшесінің шешімі бойынша поездың немесе оның жекелеген вагондарының қайта тексерілуі жүргізіледі.

      39. Жүк поездарына қатысты өткізу пунктінің аумағындағы режимдік шектеулер, шекаралық бақылау бөлімшесімен тексеру аяқталғаннан соң және басқа бақылаушы органдардың жүктерге қатысты тасымалдау және ілеспе құжаттарының құжаттық тексеруінен кейін алынып тасталады.

      40. Жұмысқа қатысы жоқ бос вагондар мен контейнерлердің (пломбаланған жағдайда жүреді) кедендік тексерілуі кезінде тасымалдаушы өкілінің қатысуы талап етілмейді.

      41. Көлік құралдары және жүктердің кедендік бақылауы аяқталғаннан кейін кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы тасымалдаушының өкілетті қызметкерін оның Мемлекеттік шекара арқылы орын ауыстыратын жүктері мен көлік құралдарына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      42. Жүктер мен көлік құралдарының Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуіне тыйым салу туралы шешімді қабылдаған бақылаушы орган, оны жазбаша түрде рәсімдейді.

      43. Өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік қадағалауға, каратиндік фитосанитарлық бақылауға және қадағалауға, мемлекеттік санитарлық-ветеринарлық бақылауға және қадағалауға жататын жүктер мен көлік құралдарының кедендік ресімделуі, бақылаудың аталған түрлерінің жүзеге асырылғанынан кейін аяқталады.

      44. Поездың өткізу пунктінен шығуына бір сағат қалғанда теміржол станциясы бойынша кезекші бақылаушы органды Мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын жүктер мен тауарлардың сипаты, поездағы вагондардың саны мен түрі туралы хабарлайды.

      45. Жүк поезының дайындығы бойынша тасымалдаушының уәкілетті қызметкері тасымалдау және ілеспе құжаттарын құжаттарды оларды қабылдау-тапсыру уақыты туралы белгісімен кедендік бақылау бөлімшесіне тапсырады.

      46. Кедендік бақылау бөлімшесінде тауарға ілеспе құжаттарды тексеру кезінде санитарлық-карантиндік қадағалау, карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау, мемлекеттік санитарлық-ветеринарлық бақылау және қадағалау жүзеге асырылуы қажетті вагондар, контейнерлер және контрейлерлер белгіленеді.

      47. Санитарлық-карантиндік қадағалау, карантиндік-фитосанитарлық бақылау және қадағалау, ветеринарлық және карантиндік фитосанитарлық бақылауы және қадағалау жүзеге асырылатын вагондарға, контейнерлер мен контрейлерлерге құжаттар тиісті бақылаушы органға табысталады.

      48. Кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы санитарлық-карантиндік қадағалау, карантиндік–фитосанитарлық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларынан алынған ақпаратты есепке ала отырып, тасымалданатын жүктерге қатысты құжаттардағы мәліметтердің растығын тексеріп, қажет болған кезде тексеруге жататын вагондарды (жүктерді) белгілейді.

      49. Кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары шекаралық бақылау бөлімшесіне тауарға ілеспе құжаттардың тексерілу нәтижелері бойынша ашылуға және тексерілуге жататын вагондар туралы хабарлайды.

      50. Вагондардың ашылуы және олардың тексеру нәтижелері, бақылаушы органдар мен теміржол станциялары лауазымды тұлғалары қол қоятын, тексеру актісінде көрсетіледі.

      51. Бақылаушы органдар тексеру нәтижелері бойынша жекелеген вагондардың ағытылу қажеттігі туралы теміржол станциясы бойынша кезекшіге уақтылы хабарлайды, сондай-ақ оларға қатысты одан арғы әрекеттерінің тәртібін белгілейді.

      52. Поездың басында вагондардың тексерілуін аяқтап жатқан шекаралық нарядтары, локомотив бригадасы мүшелерінің құжаттарын тексереді және локомотивтің ішкі бөлігін тексеруді жүзеге асырады.

      53. Шекаралық бақылау бөлімшесінің ауысым жетекшісі бақылаудың аяқталғандығы туралы теміржол станциясы бойынша кезекшіге хабарлайды.

      54. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекара учаскелеріндегі теміржол өткізу пункттерінде тек шекаралық бақылау жүзеге асырылады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Өткізу пунктінен шығу кезінде шекаралық наряд оның сыртқы тексеруін жүзеге асырады. Поезды тексеру барысында Мемлекеттік шекара бұзушылары немесе поезд құрамына еніп кеткен адамдар анықталған жағдайда, шекаралық наряд поезды тоқтату және бұзушылықтың жолын кесу бойынша шараларды қабылдау үшін теміржол станциясы бойынша кезекшіге дереу хабарлайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ең жақын бөлімшесіне баяндайды.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2013 жылғы "30" қарашадағы
№ 504 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі - Үлгілік схема) шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, карантиндік фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және (немесе) қадағалауды бақылаушы органдар (бұдан әрі – бақылаушы органдар) бөлімшелерінің жүзеге асыру дәйектілігін, сондай-ақ теңіз (өзен) порттары әкімшіліктерінің (бұдан әрі – порт әкімшілігі) теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (бұдан әрі - өткізу пункттері) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға, теңіз (өзен) кемелеріне, жүктер мен тауарларға қатысты іс-қимылын анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитарлық-карантиндік қадағалауды, карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды, теңіз (өзен) кемелеріне (бұдан әрі – кемелер), оған тиелген автомобильдерге, теміржол вагондарына, контейнерлерге, жүктер мен тауарларға (бұдан әрі – көлік құралдарына), жолаушыларға, кеме экипажының мүшелеріне, көлік құралдарының жүргізушілеріне, экспедиторларға және басқа да көлік құралдарын (жүктерді) алып жүретін адамдарға қатысты жүргізіледі.

      3. Өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитарлық-карантиндік қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды, Кедендік одақ және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өкілеттіктер шектерінде бақылаушы органдар жүзеге асырады.

      4. Бақылаушы органдар бақылау жүргізу уақытын азайту, функциялар мен іс-қимылдардың қайталануын болдырмау, сондай-ақ кемелерді, олардағы жолаушыларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды негізсіз ұстауға жол бермеу бойынша шаралар қолданады.

      5. Кемелерге қатысты бақылау операцияларын жүзеге асыру кезегін кеме капитандарынан (кеме иелерінен немесе олардың уәкілетті тұлғаларынан) кеменің келуі (кетуі) туралы ақпараттардың келіп түсу уақыттарына сәйкес порт әкімшілігі анықтайды.

      Алдағы тәуліктерде бір уақытта шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлеріне жатқызылатын кемелердің санын бақылау органдарының келісімі бойынша порт әкімшілігі анықтайды.

      6. Кемелердің бақылаудың барлық түрлері айлақтарда, рейдтік жүк түсіру тұрақтары кешендерінде немесе порт тұрақтарында жүзеге асырылады.

      Кемеге шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу орнын бақылау органдарымен келісім бойынша кемелердің, жүк түсіру технологиясы мен портта жолаушыларға қызмет көрсету түрлері мен ерекшеліктеріне және порттың сипаттамасына байланысты порт әкімшілігі анықтайды.

      7. Шетелден келген кемелерге бақылауды порт пен бақылаушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия құрамы жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда қызметтік қажеттілікке байланысты комиссия құрамына басқа қызметтердің, ұйымдар мен ведомстволардың өкілдері кіргізіледі. Сұйықтарды тасымалдайтын кемелерді ресімдеу кезінде комиссия құрамына өрт сөндіру күзетінің өкілдері, ал круиздік жолаушылар кемелерін бақылау кезінде туристік фирмалардың өкілдері қосылады.

      Комиссияны порт әкімшілігі шақыртады. Порт әкімшілігі комиссия мүшелерін оларға жүктелген функцияларын орындау үшін шетелге бағыт алған кемелерге жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Кеменің бортында комиссияның жұмыс бірізділігі шекаралық наряд ауысымының жетекшісі комиссияның жұмысы басталмас бұрын нұсқау жүргізу барысында белгілейді. Шетелден келген кеменің бортына бірінші болып санитарлық-карантиндік қадағалау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы көтеріледі. Өз міндеттерін аяқтаған комиссия мүшелері барлық комиссия мүшелері жұмыстарының аяқталуына қарамастан кемеден кете алады. Шекаралық наряд ауысымының жетекшісі шекаралық бақылау жұмыстары аяқталысымен барлық комиссия мүшелерінің кемеден кеткеніне көз жеткізгеннен кейін кемеден ең соңында кетеді.

      8. Шетелдік кемелердің капитандары порт әкімшілігіне кемедегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат береді. Капитандары кемедегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат бермеген кемелердің портқа алдын-ала санитарлық бақылаусыз кіруіне тыйым салынады. Мұндай жағдайларда санитарлық бақылау кеменің тоқтаған орнында жүргізіледі, содан соң оларға портқа және тұрақтарға (айлаққа) кіруге рұқсат беріледі.

      Порт әкімшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшесімен бірге (әрі қарай – шекаралық бақылау бөлімшесі) лоцмандардың кемелерді кездестіретін жер жөнінде келіседі. Жеке жағдайларда шекаралық бақылау бөлімшесі шекаралық нарядтардың кемелерді шығарып салу бойынша шаралар қолданады.

      9. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру), жолаушыларды, көлік құралдарының жүргізушілерін және басқа да көлік құралдарын (жүктерді) алып жүретін адамдарды түсіру (отырғызу), сондай-ақ жүк операцияларын орындауды қамтамасыз ететін порт қызметкерлерін кіргізу кейбір жағдайларда кеме келгеннен кейін, шекаралық және кедендік бақылау жүргізілгенге дейін шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының рұқсатымен жүзеге асырылады.

      10. Кеме кететін мерзімде көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру), жолаушыларды, көлік құралдарының жүргізушілерін және басқа да көлік құралдарын (жүктерді) алып жүретін адамдарды түсіру (отырғызу) аяқталуы тиіс, ал жүк операцияларын орындауды қамтамасыз ететін порт қызметкерлері шекаралық және кедендік бақылау аяқталғанға дейін кемеден кетуі қажет.

      11. Кемелердің экипаж мүшелерінің құжаттарын тексеру кеме бортында жүзеге асырылады.

      Кеме жолаушыларының құжаттарын шекаралық және кедендік бақылау жолаушыларға қызмет көрсетуге арналып арнайы жабдықталған ғимараттарда, үй-жайларда, теңіз (өзен) вокзалдарында, ал круиздік жолаушылар – тікелей кемеде жүзеге асырылады. Круизде жүрген адамдардың құжаттарын тексеру кемеден түсіп, кемеге отырған сайын жүзеге асырылады.

      Көлік құралдары жүргізушілерінің, экспедиторлардың және басқа да көлік құралдарын (жүктерді) алып жүретін адамдардың шекаралық және кедендік бақылауы олардың кеме бортынан жағаға түскеннен кейін арнайы жабдықталған және осы мақсатқа арналған терминалдар арқылы жүзеге асырылады.

      12. Кемелермен тасымалданатын көлік құралдарын бақылау арнайы жабдықталған алаңдарда, эстакадаларда және басқа да ғимараттарда жүзеге асырылады.

      13. Теңіз (өзен) өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру схемасы (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) бойынша жүзеге асырылады, ол:

      1) жолаушылардың келуі мен кетуін жеке-жеке ресімдеуді;

      2) экипаж мүшелерінің құжаттарын бортта, рейдте ресімдеуді;

      3) экипаж мүшелерінінің, круиздік жолаушылардың жағаға (кемеге) түсуін (қайтуын) бақылауды;

      4) өткізу пунктінде оның аумағына және шетелге шығатын кемелердің тұрағына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынатын режимнің сақталуын;

      5) келетін (кететін) кемелерді ресімдеу жөніндегі комиссияның үйлесімді және келісілген іс-қимылын қамтамасыз етуі тиіс.

      14. Кедендік бақылау бөлімшесі жүргізетін кемелерді кедендік ресімдеу кезіндегі бақылау сипатындағы іс-шаралар:

      кеме құжаттарын, кеме экипаж мүшелерінің, жолаушылардың, көлік құралдары жүргізушілерінің, экспедиторлар және басқа да жүкпен бірге ілесіп жүретін адамдардың құжаттарын тексеру жүргізіледі;

      кеме жүк қоймаларының немесе контейнерлерінің техникалық жай-күйі тексеріледі;

      кемедегі жүк қоймаларында және контейнерлерінде тақтайшалардың барын, кедендік мөрлер мен пломбалардың жағдайлары, пломбылайтын баулардың бүтіндігі тексеріледі;

      жүк уақытша сақтау қоймаларына немесе кедендік бақылау аймағындағы сақтауға рұқсат беретін белгі қойылады.

      15. Әрбір теңіз (өзен) өткізу пункттерінде оның ерекшеліктеріне байланысты (санаттары, сыныптары, инфрақұрылымының және техникалық жарақтануының дамуы, жыл уақыты) Үлгілік схеманың негізінде бақылау органдары басшыларының және порт әкімшілігінің бірлескен шешімімен өткізуді ұйымдастыру схемасы әзірленеді және бекітіледі.

      Оның ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір өткізу пункті үшін әзірленген теңіз (өзен) өткізу пунктіндегі өткізуді ұйымдастыру схемасында бақылаушы органдардың бақылауды жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.

2-тарау. Адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдардың, көлік құралдары, жүктер мен тауарлардың бақылауын жүзеге асырудың бірізділігі:

      1) кеме капитаны (кеме иесі немесе уәкілетті тұлға) порт әкімшілігіне кеменің келуі туралы алдын ала өтінім береді.

      Кеменің келуіне алдын ала өтінім 72 сағат бұрын беріледі, 24 сағат бұрын расталады, өткізу уақыты 72 сағаттан аз болған кезде – кеме порттан шығар алдында хабарланады;

      2) порт әкімшілігі (порт капитаны) кеменің келуі туралы тапсырысты бақылау органдарға береді;

      3) порт әкімшілігі кеме капитанын (кеме иесіне немесе уәкілетті тұлғаға) кеме тұрағын хабарлайды;

      4) порт әкімшілігі бақылаушы органдарға кеменің келу уақыты мен тұрақтау орны туралы кем дегенде 4 сағат бұрын хабарлайды;

      5) кеме иесі немесе уәкілетті тұлға кедендік бақылау бөлімшесіне Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларына сәйкес алдын ала ақпараттар береді;

      6) кеме капитаны (кеме иесінің немесе уәкілетті тұлғаның) кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасына Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларында көзделген құжаттарды береді;

      7) порт әкімшілігі келіп түскен ақпаратты шекаралық бақылау бөлімшесіне береді.

      Кемеге бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларын жеткізу теңіз (өзен) портының көліктерімен жүзеге асырылады.

      17. Келген кемені, кеме бортындағы экипаж мүшелерін, жолаушыларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды бақылау бойынша бақылау органдарының әрекеттері мынандай бірізділікте жүзеге асырылады:

      1) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қауіпі болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау:

      кемедегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы алдын ала берілген ақпараттарды бағалау және талдау;

      кеменің медициналық-санитарлық құжаттарын тексеру;

      кемедегі көлік құралдарына (асхана, су жүйелері, қалдықтарды жиналуы мен жойылуы) және де жұқпаларды тасымалдаушы және таратушылардың барына (кемірушілер, масалар) санитарлық тексеру жүргізуге шешім қабылдау немесе олардың барын анықтау;

      медициналық тексеріп қарау (сұрау, термометрия);

      аса қауіпті жұқпалы ауру жұқтырған ауру адамды анықталған жағдайда жүргізілетін жедел іс-шаралар жоспарын жасау;

      шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасына Мемлекеттік шекарадан кеме және кеме экипажының мүшелері мен жолаушыларының өту ықтималдығы туралы хабарлау;

      2) шекаралық бақылау:

      кеме капитанына сауалнама жүргізу;

      жолаушыларды түсіру, олардың құжаттарын тексеру, Мемлекеттік шекарадан өткізу туралы шешім қабылдау;

      кеме экипажының кемені тексергені туралы кеме журналындағы жазбаларды тексеру (тек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы астындағы кемелерде);

      құжаттарды тексеру, кеменің экипаж мүшелерін Мемлекеттік шекарадан өткізу туралы шешім қабылдау;

      кеме капитанына жағаға шығуға рұқсат берілмеген кеме экипажының мүшелері туралы ақпарат беру;

      3) кемемен тасымалданатын және кеменің керек-жарақтары ретінде қолданылатын жүк, тауарлар және көлік құралдары, сондай-ақ кеме экипаж мүшелерінің жеке заттарын, кемені бақылауға қатысты кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының іс-қимылы құжаттарда көрсетілген нақты мәліметтер және радиациялық бақылау нәтижелері негізінде іске асыру;

      4) кемемен тасымалданатын және кеменің керек-жарақтары ретінде қолданылатын жүктер, тауарлар және көлік құралдары, сондай-ақ кеме экипаж мүшелерінің жеке заттарын, кеме жайларын мүдделі мемлекеттік бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеру;

      5) кемемен тасымалданатын және кеменің керек-жарақтары ретінде қолданылатын жүктер, тауарлар мен көлік құралдары, сондай-ақ кеме экипаж мүшелерінің жеке заттарын, кемені Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы мемлекеттік бақылаушы органдарының лауазымды тұлғаларымен шешім қабылдау;

      6) кемемен тасымалданатын және кеменің керек-жарақтары ретінде қолданылатын тауарлар және көлік құралдары, кеме экипаж мүшелерінің жеке заттарын, кемеге қатысты қабылданған шешім туралы шекаралық және кедендік бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының кеме капитанына (кеме иесі немесе өкілетті тұлғаға) ақпарат беруі;

      7) кеме капитанына (кеме иесі немесе өкілетті тұлғаға) Қазақстан Республикасымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен ратификацияланған халықаралық келісімдерге және 2004 жылғы 6 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының "Iшкi су көлiгi туралы" Заңына сәйкес ресімделген құжаттарды тапсыру.

      18. Бақылаушы органдар кемемен келген көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, сондай-ақ көлік құралдарының жүргізушілерін, экспедиторларды және басқа да көлік құралдарын (жүктерді) алып жүретін тұлғаларды (жүктерді) бақылау бойынша іс-қимылдары келесі ретпен іске асырылады:

      1) шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары көлік құралдары жүргізушілерінің, экспедиторлардың және басқа да көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды алып жүретін тұлғалардың құжаттарын тексеруі, көрсетілген тұлғалардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдауы;

      2) кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының кедендік рәсімдерге қатысты жүктерді және тауарларды орналастыру мен тауарларды кедендік реттеуге байланысты кедендік операцияларды орындауды Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыруы;

      3) кемемен келген көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларымен бірлескен тексеріп қарауы және сынамалардың (үлгілердің) алынуы;

      4) шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғалары кемемен келген көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдауы.

      19. Бақылаушы органдарының кемемен келген жолаушылар мен тауарлардың (жолаушылардың жүгі) өтуін бақылау бойынша іс-қимылдары мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қауіпі болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау:

      медициналық-санитарлық құжаттар мен медициналық жәрдемге жүгінуді тіркеу журналдарын тексеру;

      көлік құралдарына (асхана, су жүйелері, қалдықтарды жиналуы мен жойылуы) санитарлық тексеру жүргізу, сондай-ақ жұқпаларды тасымалдаушы және таратушылардың бар болуына (кемірушілер, масалар) немесе олардың бар анықтауға тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау;

      медициналық тексеру (саулнама, термометрия);

      аса қауіпті жұқпалы ауру жұқтырған күдігі бар ауру анықталған жағдайдағы жедел іс-шаралар жоспарын құру;

      шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасына жолаушылардың Мемлекеттік шекарадан өту мүмкіндігі туралы ақпарат беруі;

      2) шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылданған жолаушылардың құжаттарын тексеруі;

      3) кедендік бақылау бөлімшесі лауазымды тұлғаларының көлік, санитарлық-карантиндік қадағалау, карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік ветериналық-санитарлық бақылау мен қадағалауды, жолаушылардың құжаттары мен қол жүктерін Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларының талабына сәйкес келуіне тексеруі, радиациялық бақылау жүргізу;

      4) бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының тауарларды (жолаушылардың қол жүктерін) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдауы.

3-тарау. Адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі кезіндегі бақылаушы органдардың іс-қимылдары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қазақстан Республикасының аумағынан кететін адамдардың, көлік құралдары мен жүктердің бақылауын жүзеге асырудың бірізділігі:

      1) кеме капитаны (кеме иесі немесе оның уәкілетті тұлғасы) порт әкімшілігіне (порт капитанына) кеменің кетуі туралы алдын ала тапсырыс береді.

      Кеменің кетуіне алдын ала тапсырыс 24 сағат бұрын беріледі, шекаралық, кедендік және басқа да тексерудің барлық түрлері жоспарланған уақытынан 4 сағат бұрын анықталады, ал кеме келгеннен кейін портта тұру уақыты 24 сағаттан кем болған жағдайда кеменің кетуіне жоспарланған уақытынан 4 сағат бұрын беріледі;

      2) порт әкімшілігі (порт капитаны) кеменің кетуі туралы алдын ала тапсырысты бақылаушы органдарға береді.

      Порт әкімшілігі кеменің кетуі туралы тапсырысты алғаннан кейін 1 сағат ішінде береді, ал кеме келгеннен кейін портта тұрғанына 24 сағаттан кем болса – ақпарат алғаннан кейін дереу беріледі;

      3) порт әкімшілігі (порт капитаны) бақылаушы органдарына кеменің кету уақыты мен оның тұрағы туралы хабарлайды;

      4) кеме капитаны (кеме иесі немесе оның өкілетті тұлғасы) шекаралық бақылау бөлімшесіне кемелік рөлі туралы ақпаратты алдын-ала тексеру үшін шекаралық бақылаудың жоспарланған басталу уақытынан 2 сағат бұрын береді;

      5) жүк иесі немесе оның өкілетті тұлғасы кедендік бақылау бөлімшесіне Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларына сәйкес алдын ала ақпарат береді.

      Қабылданған шешім туралы тиісті бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары кеме капитанын (кеме иесі немесе оның уәкілетті тұлғасына) және порт әкімшілігін кеменің порттан жоспарланған кету уақытынан 2 сағат бұрын еркін түрде жазбаша мәлімдейді.

      Порт әкімшілігі бақылаушы органдардан түскен ақпараттарды шекаралық бақылау бөлімшесіне хабарлайды;

      6) жүк иелері немесе оның уәкілетті тұлғалар кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына тиісті бақылау түрін іске асыру үшін қажетті құжаттарды береді.

      21. Кететін кемені, кеме бортындағы экипаж мүшелерін бақылау бойынша бақылау органдарының әрекеттері мынандай бірізділікте жүзеге асырылады:

      1) кеме капитанына сауалнама жүргізу;

      2) кеме журналындағы экипаждың кемені тексергені туралы жазбаларын тексеру (тек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының астындағы кемелер үшін);

      3) құжаттарды тексеру, кеме экипажының Мемлекеттік шекара арқылы өтуі туралы шешім қабылдау;

      4) Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардың құжаттарын тексеру.

      22. Бақылаушы органдар кемемен кететін көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға, сондай-ақ көлік құралдарының жүргізушілеріне, экспедиторларды және басқа да көлік құралдарын алып жүретін адамдарға (жүктерге) мынадай бірізділікте жүзеге асырылады:

      1) кедендік бақылау:

      Кеменің құжаттамасын, экипаж мүшелерінің және жолаушылардың құжаттарын тексеру;

      радиациялық бақылау;

      кеменің жүк қоймаларының немесе контейнерлердің техникалық жағдайын тексеру;

      кемедегі жүк жайлары мен контейнерлердегі кедендік мөрлер мен пломбалардың, пломбалық жіптердің бүтіндігін, тақтайшалардың болуын тексеру;

      жүкті уақытша жүк қоймаларына немесе кедендік бақылау аймағына қоюға рұқсат беру;

      2) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары кететін кемелердегі көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды бірлесіп тексеріп қарайды және өткізу туралы шешім қабылдау;

      3) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары кететін кемелердегі көлік құралдары, жүктер мен тауарларға қатысты шешім қабылдау туралы кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасының жүк иесін немесе оның өкілетті тұлғасын ақпараттандыру;

      4) жүк иесіне немесе оның уәкілетті тұлғасына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және 2004 жылғы 6 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының "Iшкi су көлiгi туралы" Заңына сәйкес ресімделген құжаттарды тапсыру;

      5) шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен көлік құралдары жүргізушілердің, экспедиторлардың және басқа да көлік құралдарын (жүктерді) алып жүретін тұлғалардың құжаттарын тексеру, көрсетілген адамдарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдау.

      23. Кететін кемені, кеме бортындағы, жолаушыларды және тауарларды (жолаушылардың багаждарын) бақылау бойынша бақылау органдарының әрекеттері мынадай бірізділікте жүзеге асырылады:

      1) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды және жүктерді тасымалдау кезінде жүктердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының және адамдардың денсаулық жағдайының нашарлау қауіпі болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау:

      кемедегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты бағалау және талдау;

      кеменің медициналық-санитарлық құжаттамаларын, медициналық пункттін тексеру;

      медициналық тексеріп қарау (сауалнама, термометрия);

      аса қауіпті жұқпалы ауруды жұқтыру күдігі бар ауру анықталған жағдайдағы жедел іс-шаралар жоспарын құру;

      2) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларына сәйкес кедендік, санитарлық-карантиндік қадағалау, карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау бөлімшесі лауазымды тұлғаларының жолаушылардың құжаттары мен жүгін тексеруі, радиациялық бақылауды жүргізу және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдауы;

      3) шекаралық бақылау бөлімшесі лауазымды тұлғаларының жолаушылардың құжаттарын тексеруі және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдауы.

      24. Бақылаушы органдардың кеме бортындағы экипаж мүшелерін және кемені, тауарларды бақылау бойынша әрекеттері кеменің бортында жүзеге асырылады:

      1) бақылаушы органдардың бақылау операцияларын жүргізуі және шекаралық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасына кеменің және кеме экипажы мүшелерінің Мемлекеттік шекара арқылы өту мүмкіндігі туралы хабарлау;

      2) кеме капитаны (кеме иесінің немесе оның уәкілетті тұлғасы) шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелері лауазымды тұлғаларына тиісті бақылау түрін іске асыруға қажетті құжаттарды тапсырады;

      3) кемеге, сондай-ақ кемемен тасымалданатын және кеме азық-түлігі ретінде пайдаланылатын тауарларға және экипаж мүшелерінің жеке заттарына қатысты кедендік бақылау:

      кедендік бақылау бөлімшесіне мәлімделген құжаттардағы мәліметтердің нақтылығын тексеру және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемеге, тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;

      кеме келген кезде қойылған кедендік сәйкестендіру құралдарын (пломбалар және мөрлер) тексеру;

      кеменің келген кезінде жарияланған және кеменің портта тұрағы кезінде қолданылған кеме керек-жарақтарының, кеме азық-түліктері және кеме қосалқы бөлшектерінің болуын және олардың декларациядағы кеме азық-түліктері, материалдық есепке алу журналдарындағы және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабында белгіленген кеме құжаттарындағы (бұдан әрі- кеме құжаттары) жазбаларға сәйкестігін тексеру;

      материалдық есепке алу журналдарында басқа да кеме құжаттарында жарияланған тиелген кеме керек-жарақтарының, кеме азық-түліктері және кеме қосалқы бөлшектерінің нақты санының сәйкестігін тексеру;

      радиациялық бақылау.

      Мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде (кедендік бақылау заңнамамен көзделмеген теңіз кемелерін ресімдеу кезінде), радиациялық бақылауды шекаралық бақылау бөлімшесі кедендік бақылау бөлімшесінің стационарлық радиациялық бақылау техникалық құралдарын пайдалану арқылы өткізеді.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) мүдделі мемлекеттік бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының кеменің үй-жайларын, сонадай-ақ кемемен тасымалданатын тауарларды және кемеде азық-түлік ретінде қолданылатын жүктерді, экипаж мүшелерінің жеке заттарын бірлесіп тексеру;

      5) бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының кемені, кемемен тасымалданатын тауарларды және кемеде азық-түлік ретінде қолданылатын жүктерді, экипаж мүшелерінің жеке заттарын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу туралы шешім қабылдау;

      6) шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары кеме капитанын (кеме иесі немесе уәкілетті тұлғаны) кемеге, кеме экипаж мүшелеріне, кемемен тасымалданатын тауарларды және кемеде азық-түлік ретінде қолданылатын жүктерге, экипаж мүшелерінің жеке заттарына қатысты қабылданған шешімді хабарлау;

      7) кеме капитанына (кеме иесі немесе уәкілетті тұлғаға) Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісімдерге және 2004 жылғы 6 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының "Iшкi су көлiгi туралы" Заңына сәйкес ресімделген құжаттарды тапсыру.

      25. Кеме капитаны (кеме иесі немесе ол уәкілеттік берген адам) Еуразиялық экономикалық одақ және Қазақстан Республикасы заңнамасының өткізу пункттерінде бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру мәселелерін реттейтін талаптарын сақтамаған жағдайда бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының осы Үлгілік схеманың 3-тарауда көрсетілген іс-әрекеттері (бұдан әрі-іс-әрекеттері) тоқтатылады, бұл туралы порт әкімшілігіне (порт капитаны) хабарланады.

      Кемедегі бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне кедергі келтіретін себептерді жойғаннан кейін кеме капитаны (кеме иесі немесе ол уәкілеттік берген адам) порт әкімшілігіне кеменің кетуіне арналған өтінімді қайта береді.

      Бір тәулікте бір кемеде бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетін бір ауысудан асырмай ауыстыруға жол беріледі.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.12.2020 № 100 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады