О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "Об установлении порядка определения и применения рыночного курса обмена валют"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 октября 2015 года № 193 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 626. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2016 года № 12885

      В соответствии с подпунктом 10) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс), а также в целях совершенствования порядка определения рыночного курса обмена валют Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ и Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ:
      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 «Об установлении порядка определения и применения рыночного курса обмена валют» (зарегистрированные в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8378, опубликованные в газете «Юридическая газета» 6 июня 2013 года № 82 (2457) внести следующее изменение:
      часть первую пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Рыночный курс обмена валют определяется ежедневно в рабочие дни, в которые акционерное общество «Казахстанская фондовая биржа» (далее – биржа) проводит торги по иностранным валютам, в следующем порядке:
      1) по доллару США рыночный курс обмена валюты определяется как средневзвешенный биржевой курс тенге к доллару США, сложившийся по состоянию на 15-30 часов астанинского времени по итогам двух сессий фондовой биржи утренней (основной) и дневной (дополнительной);
      2) по другим иностранным валютам рыночный курс обмена валют по отношению к тенге определяется как кросс-курс, рассчитанный с использованием рыночного курса доллара США по отношению к тенге и курсов данных валют к доллару США, сложившихся по состоянию на 16-00 часов астанинского времени в соответствии с котировками спроса, полученными по каналам информационных агентств.».
      2. Национальному Банку Республики Казахстан (Кусаинов Н.Ж.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящих постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление настоящих постановления и приказа на официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» в течение десяти календарных дней после их государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) размещение настоящих постановления и приказа на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после их официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением настоящих постановления и приказа возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кусаинова Н.Ж.
      4. Настоящие постановление и приказ вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
______________ К. Келимбетов

Министр финансов
Республики Казахстан

_____________ Б. Султанов

"Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 193 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12885 болып тіркелді

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген, 2013 жылғы 6 маусымда «Заң газеті» газетінде № 82 (2283) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – биржа) шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері, мынадай тәртіппен күнделікті айқындалады:
      1) АҚШ доллары бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің АҚШ долларына қатысты Астана уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қор биржасының екі таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларының қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады.
      2) басқа шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың теңгеге қатысты нарықтық бағамы АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамын және осы валюталардың ақпараттық агенттіктердің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес Астана уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына бағамдарын пайдалана отырып есептелген кросс-бағам ретінде айқындалады.».
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Құсайынов Н.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы қаулы және бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкінің                Қаржы министрі
      Төрағасы
      __________Қ. Келімбетов        ________Б.Сұлтанов