О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске

Постановление акимата города Степногорска Акмолинской области от 21 января 2015 года № а-1/26. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 24 февраля 2015 года № 4651.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 2, 3 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", на основании решения Степногорского городского маслихата от 9 января 2015 года № 5С-35/3 "О согласовании тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Степногорске" акимат города Степногорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить единый тариф на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении в городе Степногорске:

      взрослым в размере 60 (шестьдесят) тенге;

      детям от 7 до 15 лет в размере 30 (тридцать) тенге.

      2. Утвердить тариф на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в пригородном сообщении в размере 10 (десять) тенге за один километр.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления акимата города Степногорска Акмолинской области от 27.12.2021 № А-12/664 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Степногорска Кумпекеева А.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города Степногорска М.Такамбаев

      СОГЛАСОВАНО     

      Секретарь Степногорского
городского маслихата
Г.Копеева

Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 24 ақпанда № 4651 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 19 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, "Степногорск қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифтерін келісу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 шешімінің негізінде Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі белгіленсін:

      ересектерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;

      7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 30 (отыз) теңге мөлшерінде.

      2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі бір километр үшін 10 (он) теңге мөлшерінде бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 27.12.2021 № А-12/664 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Қ.Күмпекеевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы
Ғ.Көпеева