Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 "Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № А-12/664 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қаңтарда № 26408 болып тіркелді

      Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифтері туралы" 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі бір километр үшін 10 (он) теңге мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі А.Каиржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қалалық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады