О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 5 июня 2013 года № 122 "О Правилах содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области"

Решение Актюбинского областного маслихата от 27 марта 2015 года № 292. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 апреля 2015 года № 4312. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2021 года № 108

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 24.12.2021 № 108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение областного маслихата от 5 июня 2013 года № 122 "О Правилах содержания собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3601, опубликованное 11 июля 2013 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник"), следующие изменения и дополнения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "О Правилах содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области";
      в преамбуле слова "с пунктом 2 статьи 3, статьей 311 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях" заменить словами "со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "Утвердить прилагаемые к настоящему решению Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Актюбинской области.";
      дополнить пунктами 1-1 и 1-2 следующего содержания:
      "1-1. Рекомендовать местным исполнительным органам районов и города Актобе:
      учитывать, что при проектировании жилой застройки следует предусматривать размещение площадок для выгула собак;
      принимать меры по пропаганде среди населения своевременной вакцинации и постановке на учет своих собак и кошек в ветеринарных учреждениях.
      1-2. Рекомендовать кооперативам собственников квартир:
      размещать на досках объявлений, расположенных на соответствующих территориях, для ознакомления граждан адреса и телефоны государственных ветеринарных организаций, осуществляющих функции отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      в случае необходимости, подавать заявки в соответствующие местные исполнительные органы для определения мест для размещения площадок для выгула собак и выделения для этих целей земельных участков;
      поддерживать санитарное состояние площадок для выгула собак";
      в Правилах, утвержденных вышеуказанным решением:
      пункт 13 исключить;
      дополнить главой 5-1 следующего содержания:
      "Глава 5-1. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек
      23-1. Собаки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих их лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у предприятий и учреждений, считаются бродячими и подлежат обязательному отлову и уничтожению.
      23-2. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляется государственными ветеринарными организациями, созданными в соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона "О ветеринарии", с соблюдением прав и законных интересов лиц, проживающих на соответствующей территории, с соблюдением принципов гуманизма.
      К работе по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек допускаются лица не состоящие на учетах в наркологических или психоневрологических диспансерах.
      23-3. Породистые собаки, имеющие ошейники с жетонами должны содержаться в изоляторе временного содержания в течении 3 дней до выяснения владельца.
      23-4. Специалисты по отлову бродячих собак и кошек должны обеспечиваться специальной формой с надписью "по отлову собак" или жетонами, а также обеспечены разрешительным удостоверением учреждения.
      23-5. Отлов бродячих собак и кошек производится в дневное время.
      23-6. Утилизация трупов собак и кошек осуществляется на скотомогильнике (биотермические ямы) или в печах для сжигания трупов (инсинераторах).
      в пункте 24 слова "от 30 января 2001 года" исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии областного маслихата Г. ЛАТЫПОВ
      Секретарь областного маслихата С. КАЛДЫГУЛОВА

"Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 5 маусымдағы № 122 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 292 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4312 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 408-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 маусымдағы № 122 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3601 тіркелген, 2013 жылғы 11 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы";
      кіріспедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 311-бабына" сөздері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 408-бабына" сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін";
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Ақтөбе қаласының және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынылсын:
      тұрғын үй құрылысын жобалау барысында иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыруды қарастыру, ескерілсін;
      ветеринариялық мекемелерде өздерінің иттері мен мысықтарын уақытылы вакцинациялауды және есепке қоюды тұрғындар арасында насихаттау бойынша шаралар қабылдау.
      1-2. Пәтерлер иелері кооперативтеріне ұсынылсын:
      азаматтарды таныстыру үшін тиісті аумақтарда орналасқан хабарландыру тақталарына, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мекенжайы мен телефондарын орналастыру;
      қажет болған жағдайда, иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу және осы мақсаттарға жер учаскелерін бөлу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырыс беру;
      иттерді серуендетуге арналған алаңдардың санитарлық жағдайын ұстауға.";
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидаларда:
      13-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1 Тараумен толықтырылсын:
      "5-1 Тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
      23-1. Кәсiпорындар мен мекемелердің жанына иелері байлап кеткеннен басқа, қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер, қаңғыбас деп есептеледi және мiндеттi түрде аулауға және жоюға жатады.
      23-2. Адамгершілік қағидаттарын және тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отыра, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды "Ветеринария туралы" Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
      Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыс наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғаларға рұқсат етіледі.
      23-3. Асыл тұқымды, мойнында қарғыбау жетондары бар иттер иелері анықталғанға дейін 3 күн бойы уақытша ұстау оқшаулау орнында асырауда болуы қажет.
      23-4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі мамандар "ит аулаушы" деген жазуы бар арнайы киіммен немесе жетондармен қамтамасыз етілуі қажет, сондай-ақ мекеменің рұқсат куәлігімен қамтамасыз етіледі.
      23-5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі.
      23-6. Иттер мен мысықтардың өлекселерін кәдеге жарату мал көмінділерінде (биотермиялық шұңқыр) немесе өлекселерді өртеуге арналған пештерде (инсинераторларда) жүзеге асырылады.
      24-тармақта "2001 жылғы 30 қаңтардағы" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Ғ. ЛАТЫПОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА