Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 24.12.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 408-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-1. Ақтөбе қаласының және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынылсын:
тұрғын үй құрылысын жобалау барысында иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыруды қарастыру, ескерілсін;
ветеринариялық мекемелерде өздерінің иттері мен мысықтарын уақытылы вакцинациялауды және есепке қоюды тұрғындар арасында насихаттау бойынша шаралар қабылдау
Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-2. Пәтерлер иелері кооперативтеріне ұсынылсын:
азаматтарды таныстыру үшін тиісті аумақтарда орналасқан хабарландыру тақталарына, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мекенжайы мен телефондарын орналастыру;
қажет болған жағдайда, иттерді серуендетуге арналған алаңдарды орналастыру үшін орындарды белгілеу және осы мақсаттарға жер учаскелерін бөлу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға тапсырыс беру;
иттерді серуендетуге арналған алаңдардың санитарлық жағдайын ұстауға.
Ескерту. Шешім 1-2 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Е. БЕКМҰХАМБЕТОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2013 жылғы 5 маусымдағы № 122 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген |
Ақтөбе облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1 тарау. Жалпы ереже
1. Осы Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ақтөбе облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету тәртібін анықтау мақсатында әзiрленді.
2. Қағида меншiк нысанына қарамастан, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Ерекшелiктi тек қызметтiк иттерi және тәлiмбақтары бар құқық қорғау органдарының мекемелері, сол сияқты ұлттық қауіпсіздік органдарының кинологиялық қызметтері құрайды.
2 тарау. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау шарттары
3. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстауға санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды, ветеринарлық және осы Қағиданы сақтаған жағдайда рұқсат етiледi:
1) бiр ғана отбасы тұратын тұрғын үй-жайларда;
2) бiрнеше отбасы тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзiнің тұрғын аланыңда (пәтер тұрғындарының барлығының жазбаша келiсiмiмен);
3) кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде иттердi байлаулы түрде немесе торда, яғни айналасындағылар үшін аландаушылық болу мүмкіндігін болдырмайтын және қауіп-қатер тудырмайтын жағдайда.
4. Көп пәтерлi тұрғын үйде бiр отбасы ірі және орташа тұқымды екіден аспайтын ересек иттерді және екі мысықты, сондай-ақ үш айлық мерзiмге дейiнгi күшiктердi ұстай алады. Үш айлық мерзімнен асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне берiлуi немесе қараусыз жануарларды аулаумен және күтіп-ұстаумен айналысатын кәсіпорындарға тапсырылуы қажет.
5. Иттерді және мысықтарды қоғамдық пайдаланылатын орындарда (ас үйлерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, жертөлелерде, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда), тұрғын-үйлердің жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің аумақтарынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде ұстауға жол берілмейді.
6. Санитарлық-гигиеналық тәртіптерді сақтаған жағдайда және қонақ үй әкiмшiлiгiнiң келісімі бойынша иелерiнің итiмен немесе мысығымен бiрге қонақ үйлерде тұрақтауына жол беріледі.
7. Иттерді және мысықтарды жекелеген тұрғын-үй қорының үйлерінде, ғимараттарда және оған қосалқы орындарда осы аумақтардың иелерінің рұқсатымен ғана немесе басқа да өкiлеттi тұлғаның келiсiмiмен күтіп-ұстауға рұқсат етіледі. Иттер жақсы қоршалған аумақта күтіп-ұсталуы қажет, қоршау жануардың қашып кетуіне, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдауына, жүргіншілерді тістеп алуына мүмкіндік бермеуі қажет. Кiреберiсте иттiң суретi және "Ит күзетедi! Охраняется собакой!" деген жазуы бар 20х30 сантиметрден аз емес көлемде аумақта иттiң бар екендігі туралы ескерту тақта жасалуы қажет.
8. Егер жануарларды күтіп-ұстау зоогигиеналық және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келсе, жеке тұрғын үйлерде және оларға жапсарлас жер телімдерінде екіден астам иттердi және мысықтарды ұстауға жол беріледі.
9. Иттерді және мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бiр адамға тапсыру, сондай-ақ барлық көлiк түрлерiмен облыс iшiнде тасымалдау әрекеттерi құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егiлген уақыты белгiленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Иттерді және мысықтарды елдi мекендерден тысқары жерлерге тасымалдау кезiнде және басқа аймақтардан әкелген жағдайда, иелерi жануардың денсаулығы және егу жұмыстарының жүргiзiлгендiгi жөнiнде, яғни жұқпалы ауруларға қарсы 12 айдан аспаған мерзiмде не болмаса жолға шығардан 30 күн бұрын егiлгендiгi жөнiндегi мәлiмет толтырылған ветеринарлық куәлiгi болуы қажет.
Тұрғындарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесiлi иттердiң барлық түрлерi үш айлық мерзiмiнен бастап, құтырмаға және эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға қарсы егiлуге, сондай-ақ гельминтозға немесе дегельминтизациялық алдын-алуға тексерiлуге жатады.
Мысықтар туылғаннан екi айлық мерзiмнен бастап, адамдар мен жануарларға бiрдей құтырмаға және жұқпалы ауруларға қарсы егiлуге, гельминтозға тексерiлуге тиiстi.
10. Егу жасалмаған иттерді және мысықтарды күтіп-ұстауға жол берілмейді.
11. Иттерді және мысықтарды олардың терiсiн пайдалану мақсатында және етiн сату, өңдеу, тұтыну үшiн өсiруге және аулауға жол берілмейді.
12. Ақтөбе облысының аумағында иттердiң төбелесiн ұйымдастыруға және өткiзуге, жануарларға қарсы қатыгез әрекеттер жасауға мүмкiншiлiк беретiн басқа да iс-шараларды өткiзуге жол берiлмейдi (қызметтегi, күзетке арналған иттердiң жұмыс қабiлеттiлiгiн тексеру мақсатында, иттердiң жарақат алмауын ескеретiн, дұрыс тұқымдық сұрыптауға арналған арнайы ережелер бойынша тексерулерден басқа).
13. Алынып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3 тарау. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi күтіп-ұстау
14. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттерге шоқтығының биiктiгi 50 сантиметрден жоғары иттер жатады.
15. Балаларға және 16 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге, сонымен қатар қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi серуенге шығаруға рұқсат етілмейді.
16. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi қоғамдық орындарға және көпшілік демалатын басқа да орындарға әкелуге, иттердi серуендету үшін арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, рұқсат етілмейді.
4 тарау. Иттерді және мысықтарды серуендету тәртібі
17. Иттердi серуендету барысында иелерi мынадай талаптарды сақтауы қажет:
1) иттердi тұмылдырықпен (декоративтi иттер тұқымдарынан басқалары) және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен, осы Қағиданың 18-тармағында тізбеленбеген орындарда, айналасындарға алаңдаушылық тудырмай және кедергі келтiрмей шығаруға және серуендетуге рұқсат етіледі;
2) иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және еркін серуендету үшін жергiлiктi атқарушы органдар, пәтер иелерi кооперативтерiмен қарастырылған орындарда рұқсат етіледі, егер ондай орындар болмаса серуендету бөлек жатқан бос жерлерде жүзеге асырылады;
3) иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнына аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген жетон бекiтiлген қарғыбау тағуы қажет. Иесiнiң еркі бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлiметтер көрсетілуі мүмкiн;
4) иттерді және мысықтарды қалалық қоғамдық көлiктерде тасымалдау көлiктiң артқы алаңдарында, жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда жүзеге асырылуы тиiс. Иттердiң декоративтi түрлерiн және мысықтарды сөмкеде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады. Науқас иттерді және мысықтарды қоғамдық көлiкте тасымалдауға жол берілмейді;
5) иттерді және мысықтарды тұрғын үйлердiң маңында серуендету кезiнде иттердiң және мысықтардың иелерi түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты қамтамасыз етулерi қажет;
6) тыйым салған ескерту белгiсi жоқ мекемелер мен азық-түлiк сатпайтын дүкендерде және тағы басқа орындарда иелерi иттерiн тұмылдырықта және қысқа мойын жiпте ертiп жүруіне болады. Кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, нысандарға итпен кіруге тыйым салу туралы белгiлер қойып және иттердi байлап қалдыратын орындар жабдықтауы қажет. Көзi нашар көретiн адамдарды жетектеушi иттерге тыйым салу туралы белгілер қолданылмайды;
7) иттi қысқа тұмылдырықпен және мойын жiппен, өздiгiнен шешiлiп кетпейтiндей, иесi ғимараттың iшiнде уақытша болатын мерзiмге, егер де ит басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәртiптi бұзбайтын, қозғалыстарға және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруға болады. Сонымен қатар ит жүргiншiлердiң өтуіне кедергi болмауы керек;
8) ит қоғамдық орындарда қарғы баусыз тек қана қызметтiк тапсырмаларды орындау кезiнде ғана жүре алады.
18. Жануарлардың иелерiне жол берілмейді:
1) құтыруға қарсы егiлмеген және токсоплазмозға тексерiлмеген иттердi серуендетуге;
2) балалардың аула алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтар мен басқа да тұрғындардың көпшілік демалыс орындарында жануарларды серуендетуге;
3) жағажайларда, көпшiлiк шомылатын орындарда, бөгеттерде, субұрқақтарда, су айдындары мен тоғандарда жануарларды серуендетуге және шомылдыруға;
4) қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарды орындаушы қызметтік иттерді, сондай-ақ көзi нашар көретiн адамды жетектеушi иттерді қоспағанда, жануарлармен бiрге халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шараларда болуға;
5) мас күйінде тұлғаларға иттерді және мысықтарды серуендетуге және қоғамдық орындарда және көліктерде алып жүруге.
5 тарау. Иттердің және мысықтардың иелерi
19. Иттердің және мысықтардың иелерi құқық мәртебесіне және меншiктік нысанына қарамастан иттерді және мысықтарды осы Қағиданың талаптарына сәйкес тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда, иттерден және мысықтардан жұқпалы аурулар табылса олар иесiнен алынуы мүмкiн. Егер жануар сау деп танылған жағдайда, ол иесiне қайтарылады. Сонымен қатар, қауып алғанда, адамға жарақат келтiрген жағдайларда, адамға берiлетiн аурулардың немесе қауiптi аурулардың бар-жоғын тексеру үшiн, ит немесе мысық иелерiнен алынуы мүмкiн.
21. Иттердің және мысықтардың иелерi мынадай талаптарды қамтамасыз етедi:
1) айналасындағылар үшін қолайсыздық келтiрмейтiн және қауiпсiздiк тудырмайтын иттер мен мысықтардың мінез-құлқы;
2) тұрғын үй-жайларда шу шығармау бойынша шаралар қабылдау;
3) аулаларды, кiреберiстердi, саты алаңдарын, лифтiлердi, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, шағын гүлбақтарды, бақтарды, демалыс аумақтарын ластамау, ал ластаған жағдайда тез арада тазалауды (қағаз немесе полиэтилен пакеттерiн пайдалану) жүзеге асыру;
4) жануарларды зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес күтіп-ұстау, қоғамдық қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету;
5) иттерді және мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай күтіп-ұстау, оларға iзгiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, жануарларға қажеттiлiгiне қарай тамақ беру, таза су iшуге жағдай жасау, мейірімсіздікпен қарауға жол бермеу;
6) ветеринариялық мекемелердің мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды тексеру, диагностикалық зерттеу, емдеу-алдын-алу, індетке қарсы егу және дегельминтизациялау жүргiзу үшiн бөгетсiз беру;
7) жыл сайын, екi және үш айлық мерзiмiнен бастап иттерді және мысықтарды тексеру және құтырма ауруына және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу егу үшiн ветеринариялық емханаларға апарып, ол туралы жануардың ветеринарлық құжатына белгiлеу;
8) жүйелi түрде, тоқсанына кемiнде бiр рет, терi паразиттерiнен иттер мен мысықтарды алдын алу өңдеуді жүргізу;
9) иттер мен мысықтар ауырған болмаса ауруға күдiк болған барлық жағдайларда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарласу, тексеру қорытындылары бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтiксiз сақтау;
10) иттерді және мысықтарды одан әрi күтіп-ұстауға мүмкiндiк болмаған жағдайда оны басқа адамға, жануарларды қорғау ұйымдарына беру немесе ветеринариялық мекемеге тапсыру;
11) жануарлар қауып алған барлық жағдайлар, сондай-ақ жануарлар өліп қалған жағдайлар туралы жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарлайды. Ветеринарлық қызмет мамандары келгенге дейін иесі жануарларды оқшаулайды.
22. Жануарлар құтырумен ауырған дерек анықталған жағдайда, олар алынып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылады.
23. Иттердің және мысықтардың өлiгiн лақтырып тастауға жол берілмейді. Өлген жануарлардың өлігі жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда жоюға немесе көмуге жатады.
5-1 Тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Ескерту. Қағидалар 5-1 тараумен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-1. Қоғамдық жерлерде(көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда және басқа да орындарда) иелері уақытша байлаулы күйінде қалдырған иттер мен мысықтардан басқалары қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.
Ескерту. 23-1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-2. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны гуманизм принциптерін сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша және ауызша өтініштері бойынша оларды биостерилизациялау және арнайы қызметтер аулау жолымен реттеледі.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.Ескерту. 23-2 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызмет өзімен бірге рұқсат беру құжаттарын алып жүруі тиіс.
Ескерту. 23-3 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-4. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар (оның ішінде асыл тұқымды) уақытша ұстауға арналған оқшаулағышқа жеткізіліп, онда иттер мен мысықтардың аса қауіпті ауруларының клиникалық белгілерін болдырмау үшін он тәуліктен аспай орналастырады.
Ескерту. 23-4 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау күндізгі уақытта жүргізіледі.
Ескерту. 23-5 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-6. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруына күдік болғанда) оларды дереу жояды.
Ескерту. 23-6 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-7. Мойнында қарғыбау жетондары бар асыл тұқымды иттер мен мысықтардың ауланғаны туралы ақпараттар иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы қызметтің сайттарында орналастырады.
Ескерту. Қағидалар 23-7 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).23-8. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал көмінділерінде (биотермиялық шұңқырлар) немесе өлекселерді өртеуге арналған пештерде (инсинераторларда) жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 23-8 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 531 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6 тарау. Қорытынды ережелер
24. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 24 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).