Об утверждении Положения о специальной комиссии

Постановление акимата Алматинской области от 16 февраля 2015 года № 82. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 19 марта 2015 года № 3102. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 13 октября 2023 года № 359

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 13.10.2023 № 359 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 июля 2013 года № 325-ө-м "Об утверждении Типового Положения о специальной комиссии", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о специальной комиссии.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Управления координации занятости и социальных программ Алматинской области" опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе акимата области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Бигельдиева Махаббата Садвакасовича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Баталов

  Утвержден постановлением акимата Алматинской области № 82 от 16 февраля 2015 года

Положение о специальной комиссии

1. Общие положения

      1 Настоящее Положение о специальной комиссии (далее- Положение) разработано в соответствии с Типовым правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее Типовые правила), определяет статус и полномочия специальной комиссии по расмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказания социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации.
      2. Основные понятия, используемые в настоящем Положении:
      1) уполномоченный орган - исполнительный орган района, города областного значения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      2) специальная комиссия (далее-Комиссия)- комиссия, создаваемая решением акима района, города областного значения по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации.
      3. Комиссия является постоянно действующим коллегиальным органом на территории района, города областного значения. Комиссия организовывает свою работу на принципах открытости, гласности, коллегиальности и беспристрастности.
      4. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      5. Контроль за деятельностью Комиссии осуществляет заместитель акима района, города областного значения, курирующий вопросы социальной защиты.

2. Задача и функция Комиссии

      6. Основной задачей Комиссии является определение нуждаемости граждан в социальной помощи согласно перечню оснований отнесения граждан к категории нуждающихся, утверждаемому местным представительным органом в соответствии с пунктом 9 Типовых правил, и размера оказываемой социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации.
      7. Основной функцией Комиссии является вынесение заключения о необходимости оказания социальной помощи, с указанием размера социальной помощи в каждом отдельном случае, по форме согласно приложению к Типовому положению.

3. Организация деятельности Комиссии

      8. Комиссия осуществляет свою деятельность на безвозмездной основе.
      9. В состав Комиссии включаются представители заинтересованных структурных подразделений местного исполнительного органа, в том числе организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, работников правоохранительных органов, общественных обьединений.
      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов комиссии. Общий состав Комиссии не менее семи человек.
      10. Председателем является заместитель акима района, города областного значения курирующий вопросы социальной защиты.
      Председатель организует работу Комиссии и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Комиссию настоящим Положением.
      11. Рабочим органом Комиссии является уполномоченный орган - отделы занятости и социальных программ района, города областного значения.
      Обязанности секретаря Комиссии возлагаются на специалиста данного отдела занятости и социальных программ района, города областного значения.
      12. Комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения полного пакета документов от уполномоченного органа рассматривает представленные документы и путем открытого голосования принимает решение о необходимости оказания социальной помощи.
      13. Решение Комиссии правомочно при наличии двух третей от общего числа ее состава.
      14. Решение Комиссии считается принятым, если за него подается большинство голосов от общего количества членов комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.
      15. Принятое решение Комиссии оформляется в форме заключения и в срок, указанный в пункте 12 настоящего Положения, передается в уполномоченный орган.
      При положительном заключении указывается размер социальной помощи.
      16. При определении размера социальной помоши Комиссия руководствуется правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утверждаемыми местными представительными органами.

Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 82 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 19 наурызда № 3102 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 13.10.2023 № 359 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі "Арнайы комиссия туралы Үлгілік Ережені бекіту туралы" № 325-ө-м бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған арнайы комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасары Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпан № 82 қаулысымен бекітілген

Арнайы комиссия туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы орган;
      2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
      3. Комиссия аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
      4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

2. Комиссияның міндеті мен функциясы

      6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
      7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
      9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.
      10. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.
      Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
      11. Уәкілетті орган – аудандық, облыстық маңызы бар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссия хатшысының міндеті осы аудандық, облыстық маңызы бар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің маманына жүктеледі.
      12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы шешім шығарады.
      13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
      15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі.
      Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
      16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.