Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 02 марта 2015 года № 37/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 26 апреля 2015 года № 4925. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 04 мая 2016 года № 40/6
Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 наурыздағы № 37/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 4925 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 мамырдағы № 40/6 шешімімен
Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 04.05.2016 № 40/6 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 11 сәуірде 4643 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен-өңір" газетінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 34 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы."
көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары"
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
6-тармақ 12-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"12-1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлікесепте тұрған балалар"
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына; – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.";
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150000 теңге;
келесі мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:
"12.1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балаларға ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі"- деген тармақпен толықтырылсын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.