Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.02.2020 № 33/415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-3-бабының 6-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/311 "Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2586 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің мәтініне өзгерістер енгізілсін, орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілмейді:
"1. Жалпы ережелер" тарауында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Респуликасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Тексеру комиссиясының заңды мекен-жайы:
130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.";
"2. Тексеру комиссиясының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" тарауында:
17-тармақтың 2) тармақшасының 4 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау;";
"3. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері" тарауында:
21-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;";
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"29. Облыстық мәслихат Тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатады.";
35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"35. Тексеру комиссиясының қызметі тек қана Тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
|
Х. Нұрғалиева
|
|
|
|
|
Облыстық
|
|
мәслихат хатшысы
|
Б. Жүсіпов
|