Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 10-11-1598 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/311 "Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 25/391 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2747 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 шілдедегі №121-122/8848 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы, | |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |