Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата"

Решение маслихата Костанайской области от 11 декабря 2015 года № 477. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 22 января 2016 года № 6180. Утратило силу решением маслихата Костанайской области от 15 марта 2017 года № 139

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Костанайской области от 15.03.2017 № 139 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 65 Типового регламента маслихата, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Г. Ахметова
      Секретарь Костанайского
областного маслихата
С. Ещанов

  Утверждено
решением областного маслихата
от 11 декабря 2015 года № 477

Положение государственного учреждения
"Аппарат Костанайского областного маслихата"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим деятельность Костанайского областного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря областного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, индекс 110000, Костанайская область, город Костанай, проспект Аль-Фараби, дом № 66.
      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Костанайского областного маслихата" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата".
      Если государственному учреждению "Аппарат Костанайского областного маслихата" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия: обеспечение деятельности Костанайского областного маслихата (далее - маслихат), его органов и депутатов.
      15. Задачи: содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституцией Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов.
      16. Функции:
      1) осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата и его органов, оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий;
      2) осуществляет иные функции, определенные законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) в пределах своей компетенции вступать в гражданско-правовые отношения с юридическими и физическими лицами, заключать договора и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству;
      2) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, должностных лиц и других организаций по вопросам компетенции маслихата;
      3) вести служебную переписку по вопросам, отнесенным к ведению аппарата маслихата;
      4) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат Костанайского областного маслихата" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" не имеет заместителей.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" установлены согласно Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Аппарат государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" возглавляется руководителем аппарата маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Костанайского областного маслихата", относится к коммунальной собственности.
      25. Государственное учреждение "Аппарат Костанайского областного маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

"Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 477 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6180 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 139 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 15.03.2017 № 139 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 65-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г. Ахметова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

  Облыстық мәслихаттың
2015 жылғы 11 желтоқсан
№ 477 шешімімен бекітілген

"Қостанай облыстық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қостанай облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, № 66-үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Қостанай облыстық мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
      15.Міндеттері: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
      2) өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
      3) мәслихат аппаратының жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайлайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
      21. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
      "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.