"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 65-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Ахметова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсан № 477 шешімімен бекітілген |
"Қостанай облыстық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қостанай облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, № 66-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: Қостанай облыстық мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.15.Міндеттері: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
16. Функциялары:
мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
3) мәслихат аппаратының жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайлайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
21. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.
"Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.