Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области

Решение маслихата Камыстинского района Костанайской области от 22 декабря 2015 года № 400. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 22 января 2016 года № 6165. Утратило силу решением маслихата Камыстинского района Костанайской области от 11 марта 2020 года № 307

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Камыстинского района Костанайской области от 11.03.2020 № 307 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Камыстинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Оркашбаев

Секретарь Камыстинского


районного маслихата

Б. Рахимжанов


  Утверждены
решением маслихата
от 22 декабря 2015 года
№ 400

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области (далее – село Адаевка) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села Адаевка.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей села (далее - раздельный сход) на территории села Адаевка созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Адаевка.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Камыстинского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села Адаевка организуется акимом села Адаевка.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей села Адаевка, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом села Адаевка или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким села Адаевка или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села Адаевка для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Камыстинским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей села Адаевка для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом, персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима села Адаевка.

  Приложение
к решению маслихата
от 22 декабря 2015 года
№ 400

Количественный состав представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей (человек)

1

село Адаевка

21


Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 400 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6165 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 307 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 11.03.2020 № 307 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Орқашбаев

Қамысты аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Рахимжанов


  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 400 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының (бұдан әрі – Адаевка ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Адаевка ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Адаевка ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Адаевка ауылының әкімі шақырады.

      Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Адаевка ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Адаевка ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Адаевка ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Адаевка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Адаевка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Адаевка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандитаруларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Адаевка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Адаевка ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 400 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Адаевка ауылы

21