Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 307 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 9026 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, 46 - бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына, 50 - бабының 2 - тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Председатель сессии Н. Досмухамбетова
      Секретарь Камыстинского районного маслихата С. Кстаубаева

  Мәслихаттың
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 307 шешіміне
қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 337 (2016 жылғы 16 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 болып тіркелген) шешімі.

      2. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 400 (2016 жылғы 16 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6165 болып тіркелген) шешімі.

      3. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 (2016 жылғы 16 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 болып тіркелген) шешімі.

      4. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 406 (2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6176 болып тіркелген) шешімі.

      5. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Клочков ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 408 (2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6172 болып тіркелген) шешімі.

      6. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Талдыкөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 409 (2016 жылғы 16 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген) шешімі.

      7. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливановка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 410 (2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) шешімі.

      8. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Фрунзе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2017 жылғы 26 шілдедегі № 104 (2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 болып тіркелген) шешімі.

      9. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 246 (2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады