О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 176 "Об утверждении Правил упрощенного государственного регулирования деятельности субъектов естественных монополий малой мощности"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 279. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 июля 2016 года № 13973. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 42.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.05.2020 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 176 "Об утверждении Правил упрощенного государственного регулирования деятельности субъектов естественных монополий малой мощности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10512,

      опубликованный 1 апреля 2015 года в Информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах упрощенного государственного регулирования деятельности субъектов естественных монополий малой мощности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Ведомство уполномоченного органа в срок не более пяти рабочих дней со дня получения заявки рассматривает и проверяет полноту представленных материалов и в письменном виде уведомляет субъекта естественной монополии малой мощности о принятии заявки к рассмотрению или об отказе в принятии заявки к рассмотрению с приведением причин отказа.

      Причинами отказа в принятии заявки субъекта естественной монополии малой мощности к рассмотрению являются:

      1) нарушение сроков представления заявки;

      2) непредставление полного пакета документов, указанных в пункте 4 Правил;

      3) несоответствие представленных документов пункту 6 Правил;

      4) предоставление документов, содержащих недостоверную информацию.

      Причиной отказа в принятии к рассмотрению заявки субъекта естественной монополии малой мощности на утверждение тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы в качестве чрезвычайной регулирующей меры является непредставление документов, указанных в пункте 5 Правил.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Проекты тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий малой мощности рассматриваются ведомством уполномоченного органа в срок не более тридцати календарных дней. Срок рассмотрения проектов тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет исчисляется с момента подачи заявки.

      Проекты тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий малой мощности для принятия решения в качестве чрезвычайной регулирующей меры рассматриваются ведомством уполномоченного органа в срок не более десяти календарных дней.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Ведомство уполномоченного органа не позднее, чем за один день до принятия решения об утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги субъекта естественной монополии малой мощности проводит публичные слушания.";

      пункты 33 и 34 изложить в следующей редакции:

      "33. Ведомство уполномоченного органа рассматривает документы по корректировке тарифной сметы в срок не более тридцати календарных дней с момента представления.

      34. В случае, если при рассмотрении предложения о корректировке тарифной сметы необходима дополнительные документы (информация), ведомство уполномоченного органа запрашивает ее у заявителя в письменном виде с установлением срока предоставления документов (информации), но не менее пяти рабочих дней. В таком случае сроки рассмотрения предложения о корректировке тарифной сметы субъекта естественной монополии продлеваются не более чем на тридцать календарных дней, о чем сообщается заявителю в течение трех календарных дней со дня продления срока рассмотрения.

      Срок рассмотрения предложения о корректировке тарифной сметы продлевается руководителем ведомства уполномоченного органа.".

      2. Комитету по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

К. Бишимбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр информации и коммуникаций

      Республики Казахстан

      ______________ Д. Абаев

      от "____" __________ 2016 год



"Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 шілдеде № 13973 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 наурызда № 10512 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті органның ведомствосы өтiнiмдi алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған материалдардың толықтығын қарайды және тексереді және қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне өтінімдi қарауға қабылдағаны немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып, өтінiмдi қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Табиғи монополия субъектiсiнiң өтiнімiн қарауға қабылдаудан бас тарту себептері:

      1) өтінімдi ұсыну мерзiмдерiн бұзу;

      2) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмеуі;

      4) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себебі Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті органның ведомствосы қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі.

      Уәкілетті органның ведомствосы төтенше реттеуші шаралар ретінде шешім қабылдау үшін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қарайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті органның ведомствосы қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін бір күн бұрын жария тыңдаулар өткізеді.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны түзету туралы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      34. Егер тарифтік сметаны түзету туралы ұсынысты қарау кезінде қосымша құжаттар (ақпарат) қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы құжаттарды ұсыну бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімін белгілеп, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратады. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны түзету туралы ұсынысын қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабар беріледі.

      Тарифтік сметаны түзету туралы ұсынысты қарау мерзімін уәкілетті орган ведомствосының басшысы ұзартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы "___" _____________