О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 30 сентября 2015 года № 5С-41-8 "Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области"

Решение Акмолинского областного маслихата от 12 декабря 2016 года № 6С-7-15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 19 января 2017 года № 5722. Утратило силу решением Акмолинского областного маслихата от 14 сентября 2022 года № 7С-20-6

      Сноска. Утратило силу решением Акмолинского областного маслихата от 14.09.2022 № 7С-20-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Акмолинского областного маслихата "Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области" от 30 сентября 2015 года № 5С-41-8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5012, опубликовано 24 октября 2015 года в газетах "Арқа ажары" и "Акмолинская правда") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Данные Правила распространяются на всех владельцев собак и кошек, юридических и физических лиц независимо от форм собственности, (кроме организаций, выполняющих работу по спасению людей, а также правоохранительных органов) содержащих собак и кошек, а также на всех лиц, выгуливающих собак и кошек (далее – владельцы).";

      пункт 3 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного.";

      пункт 6 дополнить подпунктами 5), 6), 7), 8), 9) следующего содержания:

      "5) необходимо зарегистрировать животных путем получения ветеринарных паспортов в ветеринарных организациях (государственные ветеринарные организации или ветеринарные клиники).

      Собаки, принадлежащие владельцам, независимо от породы, подлежат вакцинации против бешенства и по эпизоотическим показаниям против лептоспироза, микроспории, а также исследованию на гельминты либо профилактической дегельминтизации.

      Кошки подлежат вакцинации против бешенства и инфекционных заболеваний общих для животных и людей, исследованию на гельминтозы;

      6) при регистрации и перегистрации собак и кошек предоставлять следующие данные:

      документ, удостоверяющий личность;

      индивидуальный идентификационный номер;

      адрес местожительства;

      контактный телефон владельца;

      пол, кличку, дату рождения, окрас, родословную животного;

      7) необходимо извещать ветеринарные организации о покупке, продаже, пропаже и передаче другому лицу собак и кошек;

      8) допускать животных к реализации, по результатам ветеринарного осмотра и с наличием ветеринарного паспорта для собак и кошек;

      9) не допускать содержание невакцинированных собак и кошек.";

      пункт 10 изложить в новой редакции:

      "10. Отлову подлежат бродячие собаки и кошки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах) без сопровождающих лиц и без наличия ошейника с информацией, согласно подпункта 5) пункта 7 настоящих Правил, кроме собак, оставленных владельцами на привязи у зданий.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Акмолинского областного
маслихата
А.Тайшытаев
      Секретарь
Акмолинского
областного маслихата
Д.Нурмулдин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного
учреждения "Управление ветеринарии
Акмолинской области"
Б.Булашев

      12.12.2016 г.

      Исполняющая обязанности
руководителя республиканского
государственного учреждения
"Департамент по защите прав
потребителей Акмолинской области
Комитета по защите прав потребителей
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан"
А.Мусина

      12.12.2016 г.

Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 "Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 5722 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 14.09.2022 № 7С-20-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 "Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қазанда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелерiне (бұдан әрі - иелер), меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға (адамдарды құтқару бойынша жұмысты атқаратын ұйымдардан, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан басқа) қолданылады.";

      3-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ветеринариялық төлқұжат - жануарлардың есебін жүргізу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілетін уәкілетті органмен белгіленген нысандағы құжат.";

      6-тармақ келесі мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырысын:

      "5) жануарларды ветеринариялық ұйымдардан (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардан немесе ветеринариялық клиникалардан) ветеринариялық төлқұжат алу жолымен тіркелуге қоюға тиіс.

      Иелеріне тиесілі иттердің тұқымына қарамастан құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы егілуі және гельминттердің болмауына тексерілуге тиіс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиіс.

      Мысықтар адамдар мен жануарларға бірдей құтырма және жұқпалы ауруларға қарсы егілуге, гельминттердің болмауына тексерілуге тиісті;

      6) иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде келесі мәліметтер ұсынылады:

      жеке басты куәландыратын құжат;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;     

      мекен-жайы;

      иесінің байланыс телефоны;

      жануардың жынысы, лақап аты, туылған күні, түсі, ататегі;

      7) иттер мен мысықтарды сатып алу, сату, олардың жоғалуы мен басқа тұлғаға берілуі туралы ветеринариялық ұйымдарды хабардар ету қажет;

      8) жануарлар ветеринариялық қараудың нәтижиелері бойынша және иттер мен мысықтар үшін ветеринариялық төлқұжат болғанда өткізуге рұқсат етілуі тиіс;

      9) егілу жасалмаған иттер мен мысықтарды асырауға жол берілмеуі тиіс.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде) жетектеуші тұлғасыз жүрген, иелері байлап қалдырғандардан басқа қараусыз қалған және осы Қағидалардың 7-тармағы 5) тармақшасына сәйкес ақпарат жазылған қарғы баулары жоқ иттер мен мысықтар аулауға жатады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихат сессиясының
төрағасы
А.Тайшытаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының
хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының ветеринария
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Б.Бұлашев

      12.12.2016 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін
атқарушы
А.Мусина

      12.12.2016 ж.