О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Иргизском районе

Решение маслихата Иргизского района Актюбинской области от 13 апреля 2016 года № 15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 06 мая 2016 года № 4900. Утратило силу решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 8 июня 2022 года № 141

      Сноска. Утратило силу решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 08.06.2022 № 141 (вводится в действие с 01.01.2022).
      Сноска. В заголовке и в тексте указанного решения на казахском языке слова "жоғарылату", "жоғарылатылсын" заменены словами "арттыру", "арттырылсын", текст на русском языке не меняется решением маслихата Иргизского района Актюбинской области от 05.03.2018 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого офицального опубликования).
      Сноска. Заголовок – в редакции решения Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 25.12.2019 № 263 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения маслихата Иргизского района Актюбинской области от 05.03.2018 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого офицального опубликования); с изменениями, внесенными решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 25.12.2019 № 263 (вводится в действие с 01.01.2020).

      1. Повысить в Иргизском районе базовые ставки земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан, в десять раз.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 25.12.2019 № 263 (вводится в действие с 01.01.2020).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Н. САДЫКОВ
      Секретарь районного маслихата К. КОСАЯКОВ

Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 4900 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 08.06.2022 № 141 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің атауында және мәтінінде "жоғарылату", "жоғарылатылсын" сөздері "арттыру", "арттырылсын" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 263 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 263 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Ырғыз ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 263 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Н. САДЫҚОВ
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. ҚОСАЯҚОВ