Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурызда № 132 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 26 наурыздағы № 3-5-167 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 08.06.2022 № 141 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4900 тіркелген, 2016 жылы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында және мәтінінде "жоғарылату", "жоғарылатылсын" сөздері "арттыру", "арттырылсын" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Н. Садықов
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады