Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Турымов |
Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 141 шешіміне қосымша |
Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4900 болып тіркелген).
2. Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 54 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5225 болып тіркелген).
3. Ырғыз аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 5 наурыздағы № 132 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-167 болып тіркелген).
4. Ырғыз аудандық мәслихатының "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №263 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6624 болып тіркелген).