Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе

Решение Шуского районного маслихата Жамбылской области от 21 октября 2016 года № 5-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 4 ноября 2016 года № 3206. Утратило силу решением Шуского районного маслихата Жамбылской области от 18 апреля 2022 года № 26-3

      Сноска. Утратило силу решением Шуского районного маслихата Жамбылской области от 18.04.2022 № 26-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Қазахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Шуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану ежеквартально в размере шести месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальным программ акимата Шуского района" за счет средств местного бюджета;

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется одному из родителей и иным законным преставителям детей с ограниченными возможностями (далее - получатель);

      3) для возмещение затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление, по форме согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей инвалидов", утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Ренспублики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342) (далее- Стандарт);

      документ, удостоверяющий личность услугополучателя;

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10589);

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому, по форме, согласно приложению 2 Стандарта.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Шуского районного маслихата Жамбылской области от 24.08.2019 № 70-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по развитию социально–культурной сферы, здравохранения образования, развитии связи с общественными и молодежными организациями, соблюдения общественного правопорядка и развития административно-территориального устройства.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь маслихата
      С. Бастаубаева Е. Умралиев

Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 3206 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 26-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 18.04.2022 № 26-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4 тармақшасына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.- Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Шу ауданы әкімдігінін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:

      өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      "Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      банктегі шоттың болу туралы құжат;

      Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      Ескерту. 2– тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 24.08.2020 № 70-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Шу аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      С. Бастаубаева Е. Өмірәлиев