Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 18.04.2022 № 26-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына, "Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 165 қаулысына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3206 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 17 қарашада жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2 тармағы 3) тармақшасындағы "тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенің растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Шу аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының мәслихатының | |
сессия төрағасы | А. Жандабаева |
Шу ауданының мәслихат | |
хатшысы | Е. Умралиев |