Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 26.06.2023 №4-4 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шу аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мөлшерін және айқындау туралы" Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-3 (Нормативтік құқықты актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде №3206 болып тіркелген) шешімі;
2) "Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5-3" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 24 тамыздағы № 70-4 (Нормативтік құқықты актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 4716 болып тіркелген) шешімі;
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының | |
мәслихат хатшысы | Ж. Абенов |
Шу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 26 -3 шешіміне қосымша |
Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Осы Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік –еңбек саласында мемелекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазахстан Республикасның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 буйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды уйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-шығындарды өтеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар баларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Шу аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айрылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қортындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы, Шу ауданынан басқа тұрақты мекен-жайға көшуі,) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің мөлшері әр мүгедек балаға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидалары 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.