Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" и его описания

Постановление Ревизионной комиссии по Карагандинской области от 7 сентября 2016 года № 13/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 4 октября 2016 года № 3970. Утратило силу постановлением Ревизионной комиссии по Карагандинской области от 28 августа 2020 года № 05/01

      Сноска. Утратило силу постановлением Ревизионной комиссии по Карагандинской области от 28.08.2020 № 05/01 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Ревизионная комиссия по Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" согласно приложению 1 к настоящему постановлению;
      2) описание служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      2. Отделу правовой и административной работы государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области".
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ревизионной комиссии
по Карагандинской области
С. Утешов

  Приложение 1
к постановлению ревизионной
комиссии по Карагандинской области
от 7 сентября 2016 года № 13/02

Правила
выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области".
      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.
      3. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение выдается административным государственным служащим корпуса "Б" за подписью председателя ревизионной комиссии по Карагандинской области (далее – Ревизионная комиссия).
      5. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порчи ранее выданного удостоверения.
      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Ревизионной комиссии (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      6. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе Службы управления персоналом.
      7. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.
      При замене служебного удостоверения, ранее выданное служебное удостоверение подлежит возврату в службу управления персоналом, за исключением случаев утери.
      8. Ежегодно, по состоянию на 1 января, главным инспектором по управлению персоналом проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.
      9. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет главный инспектор по управлению персоналом.
      10. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме главному инспектору по управлению персоналом, подает объявление в средства массовой информации.
      11. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, главный инспектор по управлению персоналом в течение десяти рабочих дней со дня издания приказа о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия Ревизионной комиссии рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.
      12. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется главный инспектор по управлению персоналом. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается главным инспектором по управлению персоналом после проведения служебного расследования.
      13. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение главному инспектору по управлению персоналом.
      На обходном листе при сдаче служебного удостоверения ставится роспись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.
      14. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области"

      форма

Журнал учета выдачи служебного
удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области"

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание










      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью и печатью Службы управления персоналом.

  Приложение 2
к постановлению ревизионной
комиссии по Карагандинской области
от 7 сентября 2016 года № 13/02

Описание
служебного удостоверения государственного учреждения
"Ревизионная комиссия по Карагандинской области"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества синего цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).
      2. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ".
      3. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части с двух сторон размещена надпись: Государственное учреждение "Ревизионная комиссия по Карагандинской области" (на казахском и русском языках), под ними, отделяющиеся от текста синей отбивочной полосой, надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ".
      4. На левой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на голубом фоне размером 3 х 4 см, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на два года).
      5. На правой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 2,5 х 3,5 см, текст на казахском языке, заверенный подписью председателя Ревизионной комиссии и гербовой печатью.

"Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 13/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қазанда № 3970 болып тіркелді. Күші жойылды -Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 05/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының 28.08.2020 № 05/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық және және әкімшілік жұмыс бөлімі осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы
С. Өтешов

  Қарағанды облысы бойынша
тексеру комиссиясының 2016
жылғы 7 қыркүйектегі №13/02 қаулысына
1 қосымша

"Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерді беру тәртібін айқындайды. 

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының қолы қойылып "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне беріледі.

      5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссияның мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      6. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы Персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады. 

      7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік, жоғалту жағдайын қоспағанда, персоналды басқару қызметіне қайтарып берілуі тиіс.

      8. Персоналды басқару бойынша бас инспектор жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      9. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару бойынша бас инспектор жүзеге асырады.

      10. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу персоналды басқару бойынша бас инспекторға жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      11. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару бойынша бас инспектор қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрықтың шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Тексеру комиссияның тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      12. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы персоналды басқару бойынша бас инспектор хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін персоналды басқару бойынша бас инспектор береді.

      13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті персоналды басқару бойынша бас инспекторға тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру қағидаларына қосымша

      нысан

"Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні
(бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе










      Ескертпе: "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және персоналды басқару қызметінің қолымен және мөрімен расталады.

  Қарағанды облысы бойынша
тексеру комиссиясының 2016
жылғы 7 қыркүйектегі № 13/02 қаулысына
2 қосымша

"Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.
3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көгілдір түс аясында көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      5. Оң жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше Тексеру комиссия төрағасының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.