Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйегіндегі "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" №13/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №3970 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 21 қазанында электронды түрде жарияланған, "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 25 қазандағы №138 (22083) және "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 25 қазандағы №174 (22279) газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы | В. Александрова |