О внесении изменений в решение Тимирязевского районного маслихата от 12 февраля 2015 года № 34/1 "О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по Тимирязевскому району"

Решение маслихата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 11 марта 2016 года № 48/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 13 апреля 2016 года № 3715. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 12 марта 2018 года № 21/6

      Сноска. Утратило силу решением Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 12.03.2018 № 21/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", Тимирязевский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Тимирязевского районного маслихата от 12 февраля 2015 года № 34/1 "О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по Тимирязевскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3160 от 13 марта 2015 года, опубликовано 21 марта 2015 года в районной газете "Көтерілген тың", 21 марта 2015 года в районной газете "Нива"), следующие изменения:
      преамбулу решения изложить в следующей редакции:
      "В соответствии с пунктом 5 статьи 386, пунктами 1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Тимирязевский районный маслихат РЕШИЛ:";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Повысить на 50 процентов базовые ставки земельного налога, установленные статьями 379, 381, 383 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), соответственно:
      1) базовые налоговые ставки на земли сельскохозяйственного назначения, предоставленные физическим лицам;
      2) базовые налоговые ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых земельных участков);
      3) базовые налоговые ставки на земли промышленности, расположенные вне населенных пунктов.".
      2. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XХXXVIII сессии
районного маслихата
Ж. Жантоков
      И.о. секретаря
районного маслихата
А. Габова
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель Республиканского
государственного учреждения
"Управление Государственных
доходов по
Тимирязевскому району
Департамента
Государственных доходов
Северо-Казахстанской области
Комитета
Государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан"
11 марта 2016 года
Б. Балдиков

"Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 48/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірдегі N 3715 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 21/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3160 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурызда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 21 наурызда "Нива" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
      3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХХХХVІІІ сессиясының
төрағасы
Ж. Жантоқов
      Аудандық мәслихат
хатшысының м.а.
А. Габова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
Комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
Мемлекеттік кірістер
Департаментінің
Тимирязев ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2016 жылғы 11 наурыз
Б. Бәлдіков