Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 наурызда № 4619 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мəслихатының 13.04.2020 № 45/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мəслихатының 13.04.2020 № 45/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 02.08.2022 № 14/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.

      Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 06.04.2021 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 02.08.2022 № 14/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мəслихатының 13.04.2020 № 45/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тимирязев аудандық мәслихатының мынадай:

      1) "Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3160 болып тіркелді, 2015 жылғы 21 наурызда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланды, 2015 жылғы 21 наурызда "Нива" аудандық газетінде жарияланды);

      2) "Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 11 наурыздағы № 48/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 3715 болып тіркелді, 2016 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХІ сессиясының төрағасы Н. Усенков
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы С. Мұстафин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер комитеті
      Солтүстік Қазақстан облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер
      департаментінің
      Тимирязев ауданы бойынша
      Мемлекеттік кірістер
      басқармасы"
      Республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Б. Бәлдіков
      2018 жылғы 12 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады