Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық меслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда N 3160 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 21/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 11.03.2016 N 48/1 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
      3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 11.03.2016 N 48/1 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
      3. "Тимирязев ауданы бойынша жер салығының негізгі ставкаларын түзету туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 22/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 28 сәуірде № 13-12-105 болып тіркелген, 2010 жылы 08 мамырда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2010 жылғы 08 мамырда "Нива" аудандық газетінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХХХІV сессиясының төрағасы
С. Сапунов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
Департаментінің
Тимирязев ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
2015 жылғы 12 ақпан
Д. Қансейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады