Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 15 декабря 2016 года № 378. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 20 января 2017 года № 4836. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 17 ноября 2023 года № 251

      Сноска. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 17.11.2023 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 9-1 и статьей 14 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании представления Восточно-Казахстанской областной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 октября 2016 года № 03/894, в целях локализации и ликвидации выявленных очагов распространения карантинного объекта – разновидностей черного усача (Monochamus), Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить карантинную зону с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей большим черным еловым усачом (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Восточно-Казахстанского областного акимата от 27.09.2022 № 227 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Рекомендовать Восточно-Казахстанской областной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Дюсупов Б.К.) в пределах компетенции, установленной законодательством Республики Казахстан, принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Акиму Глубоковского района (Байгонусов К.Б.), управлению сельского хозяйства Восточно-Казахстанской области (Толеубеков К.К.) принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Мусина Д.М.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов
      "СОГЛАСОВАНО"
Исполняющий обязанности руководителя
Восточно-Казахстанской областной
территориальной инспекции Комитета
государственной инспекции
в агропромышленном комплексе
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
_________________
"20" декабря 2016 года
Б. Дюсупов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 15 декабря 2016 года № 378

Карантинная зона с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей большим черным еловым усачом (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim)

      Сноска. Приложение в редакции постановления Восточно-Казахстанского областного акимата от 27.09.2022 № 227 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Наименование района и сельского округа

Принадлежность земельного участка

Зараженная площадь, в гектарах

Катон-Карагайский район

Белкарагайский

крестьянское хозяйство "Каражай"

5,0

Всего по району

5,0


Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтардада № 4836 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына және 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 20 қазандағы № 03/894 ұсынымы негізінде, карантин нысаны – қара сүгенің әр түрлігі (Monochamus) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.09.2022 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (Б.К. Дюсупов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Глубокое ауданының әкімі (Қ.Б. Байғонысов), Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Қ. Төлеубеков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан
облыстық аумақтық инспекциясы
басшысының міндетін атқарушы
____________________
2016 жылғы "20" желтоқсан
Б. Дюсупов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 378 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы аумағында шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.09.2022 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Аудан және ауылдық округтің атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алаң, гектарда

Катонқарағай ауданы

Белқарағай

"Қаражай" шаруа қожалығы

5,0

Аудан бойынша барлығы

5,0