Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29877 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 03/564 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер учаскесінде карантин режимінің күші жойылсын:

      Глубокое ауданы, Черемшанка ауылдық округі, "Черемшанка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, зақымданған алаң – 0,22 гектар.

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 227 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 378 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы аумағында шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

Аудан және ауылдық округтің атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алаң, гектарда

Катонқарағай ауданы

Белқарағай

"Қаражай" шаруа қожалығы

5,0

Аудан бойынша барлығы

5,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады