О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 мая 2013 года № 206 "Об утверждении Типовых правил деятельности видов дошкольных организаций"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 95. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2017 года № 14960. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 614.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 29.12.2021 № 614 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 мая 2013 года № 206 "Об утверждении Типовых правил деятельности видов дошкольных организаций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 8520, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 21 августа 2013 года № 256 (27530)) следующее изменение:

      Типовые правила деятельности видов дошкольных организаций, утвержденные указанным приказом, изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копий в печатном и электронном виде на казахском и русском языках на официальное опубликование в периодические печатные издания и Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

  Приложение
к приказу Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 28 февраля 2017 года № 95
  Утверждены
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 29 мая 2013 года № 206

Типовые правила деятельности видов дошкольных организаций

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила деятельности видов дошкольных организаций (далее – Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 44-5) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок деятельности видов дошкольных организаций.

      2. Для обеспечения доступности и вариативности дошкольного образования, создания благоприятных условий для развития, воспитания и обучения детей создаются виды дошкольных организаций предусмотренные Номенклатурой видов организаций образования, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8390).

Глава 2. Порядок деятельности видов дошкольных организаций

      3. Деятельность дошкольных организаций осуществляется согласно их уставу, Типовым правилам деятельности дошкольных организаций, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499 "Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов, в том числе Типовых правил организаций образования, реализующих дополнительные образовательные программы для детей", Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам дошкольного воспитания и обучения детей", утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 217 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10975).

      4. Образовательная деятельность дошкольных организаций независимо от языка обучения осуществляется в соответствии с:

      1) Государственным общеобязательным стандартом дошкольного воспитания и обучения, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080 "Об утверждении государственных общеобязательных стандартов образования соответствующих уровней образования";

      2) Типовым учебным планом дошкольного воспитания и обучения детей от 1 года до 6 (7) лет, утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 557 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8275);

      3) Типовой учебной программой дошкольного воспитания и обучения, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 августа 2016 года № 499 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14235).

      5. Обеспечение оборудованием и мебелью дошкольных организаций осуществляется в соответствии с Нормами оснащения оборудованием и мебелью организаций дошкольного, среднего образования, а также специальных организаций образования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 70 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13272).

      6. Виды дошкольных организаций, различаются по режиму работы и наличием разных возрастных групп.

      7. По режиму работы дошкольные организации функционируют:

      в режиме пятидневной (шестидневной) рабочей недели;

      полного, неполного, круглосуточного дня.

      8. Ясли-сад предусматривает наличие групп ясельного и дошкольного возраста для детей от одного года до шести (семи) лет.

      9. Детский сад предусматривает наличие дошкольных групп детей с трех до шести (семи) лет.

      10. Семейный ясли-сад создается при непосредственном участии членов семьи и предусматривает наличие разновозрастных групп (дети от одного года до трех лет, от трех до шести (семи) лет).

      11. Санаторный ясли-сад проводит медикаментозное и физиотерапевтическое лечение, закаливание, лечебную физкультуру и массаж в зависимости от диагноза заболевания детей от одного года до шести (семи) лет.

      12. Комплекс "школа-ясли-сад" (далее – комплекс) предусматривает наличие групп дошкольного и классов начального, основного среднего и общего среднего образования.

      В дошкольных группах комплекса принимаются дети от одного года до шести (семи) лет.

      13. Дошкольный мини-центр предусматривает наличие групп ясельного и дошкольного возраста для детей от одного года до шести (семи) лет.

      Дошкольный мини-центр функционирует по гибкому режиму от двух до семи раз в неделю.

"Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурызда № 14960 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8520 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 194 (28133) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 95 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 206 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi — Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімдігін және вариативтігін қамтамасыз ету, балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) қарастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады.

2-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің тәртібi

      3. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі олардың жарғысына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10975 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметі оқыту тіліне қарамастан:

      1) "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Мектепке дейінгі ұйымдарды жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері жұмыс режимі бойынша және түрлі жас топтарының болуымен ерекшеленеді.

      7. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      бес күндік (алты күндік) жұмыс аптасы режимінде;

      балалар толық күн, толық емес күн, тәулік бойы болатын режим бойынша жұмыс істейді.

      8. Бөбекжай-бақша бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады.

      9. Балабақша үш жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады.

      10. Отбасылық бөбекжай отбасы мүшелерінің тікелей қатысуымен құрылады және әртүрлі жастағы топтардың (бір жастан үш жасқа дейінгі балалар, үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар) болуын қарастырады.

      11. Санаторлық бөбекжай-бақша бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балалар ауруларының диагнозына байланысты дәрілік және физиотерапиялық емдеуді, шынықтыруды, емдік дене шынықтыруды және массажды жүргізеді.

      12. "Мектеп-бөбекжай-бақша" кешені (бұдан әрі - кешен) мектепке дейінгі топтардың және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сыныптарының болуын қарастырады.

      Кешеннің мектепке дейінгі топтарына бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар қабылданады.

      13. Мектепке дейінгі шағын орталық бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады.

      Мектепке дейінгі шағын орталық икемді режимде аптасына екі күннен жеті күнге дейін жұмыс істейді.