Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 маусымда № 8520 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметі түрлерінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Отбасылық балабақшалардың, "мектеп - балабақша" кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін бекіту туралы" 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 (2009 жылғы 27 ақпандағы № 31 (1628) "Заң газетінде" жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5550 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

      3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 206 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi — Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімдігін және вариативтігін қамтамасыз ету, балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) қарастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады.

2-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің тәртібi

      3. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі олардың жарғысына, "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.10.2019 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметі оқыту тіліне қарамастан:

      1) "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

      2) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына;

      3) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.10.2019 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мектепке дейінгі ұйымдарды жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері жұмыс режимі бойынша және түрлі жас топтарының болуымен ерекшеленеді.

      7. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      бес күндік (алты күндік) жұмыс аптасы режимінде;

      балалар толық күн, толық емес күн, тәулік бойы болатын режим бойынша жұмыс істейді.

      8. Бөбекжай-бақша бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады.

      9. Балабақша үш жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады.

      10. Отбасылық бөбекжай отбасы мүшелерінің тікелей қатысуымен құрылады және әртүрлі жастағы топтардың (бір жастан үш жасқа дейінгі балалар, үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар) болуын қарастырады.

      11. Санаторлық бөбекжай-бақша бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балалар ауруларының диагнозына байланысты дәрілік және физиотерапиялық емдеуді, шынықтыруды, емдік дене шынықтыруды және массажды жүргізеді.

      12. "Мектеп-бөбекжай-бақша" кешені (бұдан әрі - кешен) мектепке дейінгі топтардың және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сыныптарының болуын қарастырады.

      Кешеннің мектепке дейінгі топтарына бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар қабылданады.

      13. Мектепке дейінгі шағын орталық бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады.

      Мектепке дейінгі шағын орталық икемді режимде аптасына екі күннен жеті күнге дейін жұмыс істейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады