БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген, 2015 жылы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ветеринариялық бөлімше жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат негізінде күнтізбелік жеті күннен асырмай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринариялық бөлімшенің басшысы бекітетін жануарларды карантиндеудің жоспарын әзірлейді. Ветеринариялық бөлімшемен келісілген және бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі, бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде тиісті ақпарат алған жеке және заңды тұлғаларға жолданады.
Жануарларды карантиндеу жоспарында келтірілген жануарлардың карантиндеу шарттары және ұзақтығы, ветеринариялық өңдеумен оларды жүргізу уақыты көрсетіле отырып, диагностикалық зерттеуге жататын жануарлар ауруларының тізімі, ауру жануарлар, жануарлар ауруларына күдік туындаған кездегі іс-шараларды қос алғанда, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты тұлғалар көрсетіледі.
Жануарларды карантиндеу барысында диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде бұрын жүргізілген ветеринариялық өңдеулер, диагностикалық зерттеулердің сенімді емес қорытындыларын алуды болдырмау мақсатында жануарларды вакциналау, аумақты аймақтарға бөлу және мүйізді ірі қара малдарды бруцеллез бен туберкулезге, ұсақ мүйізді малдарды, түйелер мен шошқаларды бруцеллезге, жылқыларды маңқа, күйек ауруына, есектер мен қашырларды маңқаға міндетті диагностикалық зерттеу, сондай-ақ асыл тұқымды жануарларды паратуберкулез, трихомоноз, (Trichomonas fetus), бұқалар үшін кампилобактериоз (Campylobacter fetus venerealis), хламидиоз, лептоспироз (егер вакциналанбаған болса немесе профилактикалық мақсатта дегидрострептомицинмен немесе эквивалентті әсер беретін заттармен өңделмеген болса), инфекциялық ринотрахейт пен ірі қара малдардың вирустық деареясына (егер жануарлар алдын ала вакциналанбаған болса) қосымша зерттеулер туралы мәліметтерді ескереді. Үшінші елдерден немесе Кеден Одағына мүше елдерден және Еуразиялық Экономикалық Кеңістігінен келтірілген жануарларды карантиндеу барысында диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде межелі орында Шмалленберг ауруына мониторингтік диагностикалық зерттеу жүргізу ескеріледі.
Егер алушы ел аумағында осы аурулардың профилактикасы және /немесе жойылуы бойынша бағдарламалар жүргізілген кезде ғана жануарлардың басқа ауруларына зерттеулер жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
|
А. Мырзахметов
|