Об утверждении Инструкции по формированию списка ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 сентября 2017 года № 444. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 сентября 2017 года № 15819.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 3 Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по формированию списка ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак".

      2. Департаменту юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан (Байжанов Н. А.) в установленном законодательствомпорядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) рабочий орган Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом – Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан (далее – Рабочий орган);

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра науки и высшего образования РК от 31.08.2023 № 454 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б. А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

  Утверждена
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 5 сентября 2017 года № 444

Инструкция по формированию списка ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак"

      Сноска. Инструкция - в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.04.2021 № 200 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по формированию списка ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак" (далее – Инструкция), разработана в соответствии с Правилами отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак", утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573, детализирует формирование Списка ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак" (далее – Список).

      2. Основные понятия, используемые в настоящей Инструкции:

      1) рабочий орган Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом – Министерство образования и науки Республики Казахстан (далее – Рабочий орган);

      2) зарубежный партнер – организация, оказывающая услуги по организации академического обучения, языковых курсов, стажировок, стипендиатов международной стипендии "Болашак".

Глава 2. Формирование Списка

      3. Рабочим органом на основании информации, полученной с официальных сайтов зарубежных высших учебных заведений и интернет-ресурсов агентств, публикующих академические рейтинги (за исключением организаций, оказывающих услуги по организации стажировок), проводится анализ, по результатам которого, ведущие зарубежные высшие учебные заведения, рекомендуемые для обучения победителей конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак" формируются в Список в случае соответствия одному из следующих критериев:

      учебное заведение входит в три международных академических рейтинга и в число первых 250 (двухсот пятидесяти) позиций двух и более из них: мировой рейтинг лучших университетов мира Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings), академический рейтинг университетов мира (Academic Ranking of World Universities), рейтинг лучших университетов мира по версии издания Таймс (Times Higher Education World University Rankings) согласно последним публикациям рейтингов на момент составления Списка.

      Для принятия решения по включению в Список учебные заведения из числа первых 20 (двадцати) национальных рейтингов стран ОЭСР (Организации экономического сотрудничества и развития), БРИКС (Бразилия, Россия, Индия, Китай, Южная Африка) решением рабочего органа создается консультативно-совещательный орган ввиде Комиссии (далее – Комиссия).

      Рабочий орган включает в Список учебные заведения на основании решения Комиссии.

      Рабочий орган включает в Список учебные заведения, на основании Протокола заседаний Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом в зависимости от социально-экономических приоритетов развития Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра образования и науки РК от 18.01.2022 № 20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Рабочим органом на основании информации, полученной с официальных сайтов учебных заведений и интернет-ресурсов агентств, публикующих академические рейтинги, а также посредством переписки с официальными представителями учебных заведений, зарубежными партнерами (за исключением организаций, оказывающих услуги по организации стажировок), проводится анализ, по результатам которого, ведущие зарубежные высшие учебные заведения, зарубежные организации, рекомендуемые для прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии "Болашак" формируются в Список в случае соответствия 2 (двум) и более из следующих критериев:

      1) находится при учебном заведении, соответствующему критерию, предусмотренному пунктом 3 настоящей Инструкции;

      2) функционирует на базе мировых языковых центров в соответствии со следующими критериями:

      наличие сети языковых школ в зарубежных странах;

      преподавание всех уровней английского языка;

      наличие международных сертификатов у преподавательского состава;

      3) наличие национальной и/или международной аккредитации для осуществления программ языковой подготовки;

      4) рекомендована зарубежными партнерами (за исключением организаций, оказывающих услуги по организации стажировок).

      5. Рабочий орган по результатам проведенной работы формирует и утверждает Список на три года. Список утверждается до 30 августа года предшествующего очередному трехлетнему периоду.

      При обновлении рейтингов, указанных в пункте 3 настоящей Инструкции, ведущие зарубежные высшие учебные заведения, соответствующие установленным критериям, ранее не вошедшие в Список, включаются в действующий Список путем внесения дополнений не позднее одного месяца до начала срока приема документов для участия в конкурсе на присуждение международной стипендии "Болашак".

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15819 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Жұмыс органы);

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 444 бұйрығымен
бекітілген

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2021 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес әзірленді, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) қалыптастыруды нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Жұмыс органы);

      2) шетелдік әріптес – "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының академиялық оқуын, тілдік курстарын, тағылымдамаларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін ұйым.

2-бөлім. Тізімді қалыптастыру

      3. Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет-ресурстарынан алынған ақпарат негізінде талдау жасайды. Соның нәтижесінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келген жағдайда Тізімде қалыптастырылады:

      оқу орны үш халықаралық академиялық рейтингтеріне және екі және одан да көп алғашқы 250 (екі жүз елу) позициялардың: Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings) әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі, әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Таймс басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттер рейтингі (Times Higher Education World University Rankings) Тізімді жасау кезіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес қатарына кіреді.

      Оқу орындарының тізіміне енгізу бойынша шешім қабылдау үшін ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), БРҮҚОА (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) елдерінің алғашқы 20 (жиырма) ұлттық рейтингтері қатарынан жұмыс органының шешімімен консультативтік – кеңесші орган түрінде Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Жұмыс органы Комиссия шешімінің негізінде оқу орындарын Тізімге енгізеді.

      Жұмыс органы Тізімге оқу орындарын Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына қарай Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының хаттамасы негізінде енгізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыс органы оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет- ресурстарынан алынған ақпарат негізінде, сондай-ақ оқу орындарының, шетелдік әріптестердің (тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдардан басқа) ресми өкілдерімен хат алмасу арқылы талдау жасайды, оның нәтижесінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар келесі 2 (екі) және одан да көп өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда Тізімде қалыптастырылады:

      1) осы Нұсқаулықтың 3-тармағында қарастырылған өлшемшартқа сәйкес келетін оқу орнының жанында орналасады;

      2) әлемдік тіл орталықтар базасында келесі өлшемшарттарға сәйкес қызмет етеді:

      тілдік мектептер желісінің шетелде бар болуы;

      ағылшын тілінің барлық деңгейлеріне оқыту;

      оқытушылар құрамында халықаралық сертификаттардың болуы;

      3) тілдік дайындық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ұлттық және/немесе халықаралық аккредиттеудің болуы;

      4) шетелдік әріптестердің (тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін ұйымдарды қоспағанда) ұсынылды.

      5. Жұмыс органы атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша үш жылға арналған Тізімді қалыптастырады және бекітеді. Тізім кезекті үш жылдық кезеңнің алдындағы жылдың 30 тамызына дейін бекітіледі.

      Осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген рейтингтерді жаңарту кезінде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, шетелдік жетекші жоғары оқу орындары бұрын Тізімге еңбеген, қолданыстағы Тізімге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей толықтыру енгізу арқылы енгізіледі.