"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2021 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес әзірленді, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) қалыптастыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес айқындалатын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрі – жұмыс органы);
2) шетелдік әріптес – "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының академиялық оқуын, тілдік курстарын, тағылымдамаларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін ұйым.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-бөлім. Тізімді қалыптастыру
3. Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет-ресурстарынан алынған ақпарат негізінде талдау жасайды. Соның нәтижесінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар келесі өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда Тізімде қалыптастырылады:
Тізімді жасау сәтіндегі рейтингтің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік университеттерінің Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings) әлемдік рейтингісінің "by subject" (пәндік бағыт бойынша өлшемшарт) алғашқы 100 (жүз) позициясының қатарына кіреді.
Жұмыс органы Тізімге оқу орындарын Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына қарай Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының хаттамасы негізінде енгізеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.04.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Жұмыс органы оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет- ресурстарынан алынған ақпарат негізінде, сондай-ақ оқу орындарының, шетелдік әріптестердің (тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдардан басқа) ресми өкілдерімен хат алмасу арқылы талдау жасайды, оның нәтижесінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар келесі 2 (екі) және одан да көп өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда Тізімде қалыптастырылады:
1) осы Нұсқаулықтың 3-тармағында қарастырылған өлшемшартқа сәйкес келетін оқу орнының жанында орналасады;
2) әлемдік тіл орталықтар базасында келесі өлшемшарттарға сәйкес қызмет етеді:
тілдік мектептер желісінің шетелде бар болуы;
ағылшын тілінің барлық деңгейлеріне оқыту;
оқытушылар құрамында халықаралық сертификаттардың болуы;
3) тілдік дайындық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ұлттық және/немесе халықаралық аккредиттеудің болуы;
4) шетелдік әріптестердің (тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін ұйымдарды қоспағанда) ұсынылды.
5. Жұмыс органы атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша үш жылға арналған Тізімді қалыптастырады және бекітеді. Тізім кезекті үш жылдық кезеңнің алдындағы жылдың 30 тамызына дейін бекітіледі.
Осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген рейтингтерді жаңарту кезінде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, шетелдік жетекші жоғары оқу орындары бұрын Тізімге еңбеген, қолданыстағы Тізімге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей толықтыру енгізу арқылы енгізіледі.