Об установлении водоохранных зон и полос водохранилищ Белагаш, Шункырколь, озера Атансор, рек Аршалы, Баксук, Жиландинка, Жиланды, Кайракты, Саркырама и режима их хозяйственного использования

Постановление акимата Акмолинской области от 3 августа 2017 года № А-8/338. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 13 сентября 2017 года № 6074. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 3 мая 2022 года № А-5/222

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 03.05.2022 № А-5/222 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, приказом Министра сельского хозяйства от 18 мая 2015 года № 19-1/446 "Об утверждении Правил установления водоохранных зон и полос" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11838), акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить водоохранные зоны и полосы водохранилищ Белагаш, Шункырколь, озера Атансор, рек Аршалы, Баксук, Жиландинка, Жиланды, Кайракты, Саркырама согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Установить режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос водохранилищ Белагаш, Шункырколь, озера Атансор, рек Аршалы, Баксук, Жиландинка, Жиланды, Кайракты, Саркырама согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Акмолинской области Каппеля Е.Я.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области М.Мурзалин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности
руководителя республиканского
государственного учреждения
"Есильская бассейновая инспекция
по регулированию использования
и охране водных ресурсов
Комитета по водным ресурсам
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан"
М.Т.Аяшев

      "03" 08 2017 года

  Приложение 1
к постановлению акимата
Акмолинской области
от 3 августа 2017 года
№ А-8/338

Водоохранные зоны и полосы водохранилищ Белагаш, Шункырколь, озера Атансор, рек Аршалы, Баксук, Жиландинка, Жиланды, Кайракты, Саркырама

Наименование водного объекта, местонахождение

Водоохранная зона (метр)

Водоохранная полоса (метр)

1

Водохранилище Белагаш в границах земель Жаксынского района Акмолинской области

500

35-50

2

Водохранилище Шункырколь в границах земель Чапаевского сельского округа Жаксынского района Акмолинской области

500

75

3

Озеро Атансор в границах земель Енбекшильдерского района Акмолинской области

500

35-75

4

Река Аршалы Буландынского района Акмолинской области

500

35-55

5

Река Баксук Буландынского района Акмолинской области

500

35-55

6

Река Жиландинка Сандыктауского района Акмолинской области

500

35-55

7

Река Жиланды Атбасарского района Акмолинской области

500

35-55

8

Река Кайракты Атбасарского района Акмолинской области

500

35

9

Река Саркырама Сандыктауского района Акмолинской области

500

35-55


  Приложение 2
к постановлению акимата
Акмолинской области
от 3 августа 2017 года
№ А-8/338

Режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос водохранилищ Белагаш, Шункырколь, озера Атансор, рек Аршалы, Баксук, Жиландинка, Жиланды, Кайракты, Саркырама

      Сноска. Приложение 2 - в редакции постановления акимата Акмолинской области от 21.08.2020 № А-9/418 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. В населенных пунктах в пределах водоохранной зоны должен соблюдаться режим пользования, исключающий засорение и загрязнение водного объекта.

      2. В пределах водоохранных полос не допускаются:

      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;

      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте;

      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;

      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;

      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;

      7) применение всех видов удобрений.

      3. В пределах водоохранных зон не допускаются:

      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, уполномоченным органом, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами, уполномоченными органами в области энергоснабжения и санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;

      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, ядохимикатов и нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами и ядохимикатами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;

      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;

      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      6) применение способа авиаобработки ядохимикатами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;

      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических ядохимикатов.

      При необходимости проведения вынужденной санитарной обработки в водоохранной зоне допускается применение мало- и среднетоксичных нестойких пестицидов.

Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/338 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 6074 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппельге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
М.Т.Аяшев

      2017 жылғы "03" 08

  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ А-8/338 қаулысына
1-қосымша

Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісінің атауы, орналасқан жері

Су қорғау аймағы (метр)

Су қорғау белдеуі (метр)

1

Ақмола облысы Жақсы ауданы жерлерінің шекарасындағы Белағаш су қоймасы

500

35-50

2

Ақмола облысы Жақсы ауданы Чапаев ауылдық округінің жерлерінің шекарасындағы Шұңқыркөл су қоймасы

500

75

3

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы жерлерінің шекарасындағы Атансор көлі

500

35-75

4

Ақмола облысы Бұланды ауданының Аршалы өзені

500

35-55

5

Ақмола облысы Бұланды ауданының Бақсұқ өзені

500

35-55

6

Ақмола облысы Сандықтау ауданының Жыландинка өзені

500

35-55

7

Ақмола облысы Атбасар ауданының Жыланды өзені

500

35-55

8

Ақмола облысы Атбасар ауданының Қайрақты өзені

500

35

9

Ақмола облысы Сандықтау ауданының Сарқырама өзені

500

35-55


  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ А-8/338 қаулысына
2-қосымша

Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 21.08.2020 № А-9/418 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Елдi мекендердегі су қорғау аймағы шегінде су объектiсiнiң ластануын және қоқыстануын болдырмайтын пайдалану режимі сақталуы тиіс.

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      3. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.